Теннистен Майами турнирі: Ярослава Шведова екінші айналымға өте алмады

25.03.2021    Оқылғаны: 774
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Ярослава Шведова Майами WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған чехиялық Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасты. Чехиялық спортшы бірінші партияда 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде де ойын тізгінін қолында ұстады – 6:2. Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер