Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Елордадағы «Дәулет» спорт комбинатында теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Бір аптаға созылған додаға еліміздің өңірлерінен 100-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың арасында болашақ Қазақстан жұлдыздарымен қатар Алексей Кедрюк пен Дмитрий Макеев сынды ардагерлер де болды. Ерлер арасында жекелей сында Достанбек Ташболатов пен Григорий Ломакин бас жүлдені сарапқа салды. Бір күн бұрын жұптық сында ел чемпионы атанған, бірін-бірі жақсы білетін қарсыластар аянып қалған жоқ. Бірінші партия барысында брейк жасаған Достанбек сол басымдылықты уысынан шығарған жоқ – 6:4. Екінші партияда есеп 5:5 болған мезетте доп берген теміртаулық Г.Ломакин мүлт кетті. Мұны сәтті пайдаланған Шымкент теннисінің түлегі Д.Ташболатов матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5. Сөйтіп ол абсолютті чемпион атанды. «Әр кездесу оңайға тиген жоқ. Енді кішкене тынығып алып, алдағы ресми жарыстарға дайындаламын. Соның алғашқысы елде сәуір айында өтеді», деді Д.Ташболатов. Ислам Орынбасарды 6:3, 4:6, 6:1 есебімен тізе бүктірген Ерасыл Ерділда қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында финалда 2016 жылы Қазақстан қысқы чемпионатында озық шыққан Гөзал Айнитдинова басым түсетіндей көрінген. Соңғы бәсекеге дейін бірнеше мықты ойыншыны жеңген ол қарсыластарына бірде-бір сет бермеген еді. Ал 16 жастағы Аружан Сағындықова екінші айналымда және ширек финалда үш сетке созылған, ауыр жекпе-жектер өткізді. Гөзал бірінші партияда басымдылық көрсетті – 6:3. Екінші сет басында да ол алда келе жатты. Алайда он бірінші геймде сәтті ойнаған Аружан таразы басын теңестірді. Үшінші, шешуші партияда тоғызыншы геймде А.Сағындықова брейк жасап, жеңісті жұлып әкетті. Ол бір күн бұрын жұптық сында да үздік шыққандықтан, Доштанбек сияқты абсолютті чемпион атанды. «Финалдық бәсеке өте қиын болды. Қарсыласым мықты еді. Мен бапкерімнің айтқанын түгелдей орындадым. Жарыс нәтижесіне қуаныштымын. Әсіресе, осы күндері қолдау көрсеткен ата-анама ризашылығымды білдіргім келеді», деді Аружан жеңістен соң. Ульяна Романованы 6:1, 6:2 есебімен ұтқан Жанел Рүстемова үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, медаль, дипломнан басқа Қазақстан теннис федерациясынан жарыстарға қатысуға мүмкіндік беретін гранттар алды. Жекелей сын жеңімпаздары 5 мың, күміс жүлдегерлер 3 мың, үшінші орын иеленгендер 2 мың АҚШ доллары көлемінде грантқа қол жеткізді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі