Теннистен ел чемпионаты: Жартылай финалға кімдер өтті
"Дәулет" спорт комбинатында теннистен өтіп жатқан Қазақстан қысқы чемпионатында жартылай финалға өткендер белгілі болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында бірінші ракетка болып тіркелген Аружан Сағындықова ертең Ульяна Романовамен кездеседі. Олардың екеуі де - елордалықтар. Ал 2016 жылғы ел чемпионы, шымкенттік Гөзал Айнитдинова тағы бір елордалық Жанел Рүстемовамен шеберлік байқасады. Ширек финалда Г.Айнитдинова 14 жасар алматылық Асылжан Арыстанбекованы 6:4, 6:4 есебімен ұтса, Ж.Рүстемова өткен жылғы біріншіліктің күміс жүлдегері, тағы бір алматылық Мария Синицынаны 6:1, 7:5-пен жолдан тайдырды. У.Романова аса тартысты бәсекеде елордалық Сандуғаш Кенжебаеваны 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңіп кетті. Ал А.Сағындықованың павлодарлық Софья Чурсинамен кездесуі тіпті тартысты болды. Бірінші сетте Аружан басымдылық көрсетті - 6:4. Екіншісінде Софья қарымта қайырды - 6:1. Үшінші, шешуші партияда есеп 5:2 болған мезетте Чурсина үш бірдей матчболын пайдалана алмады. Есесіне күш алған Аружан бұдан кейін бет қаратпады - 7:5.
Ерлер арасында тосын нәтиже болған жоқ. Жекелей сында жартылай финалда шымкенттік Достанбек Ташболатов қызылордалық Ерсұлтан Ерділдамен, Нұр-Сұлтан өкілі Ислам Орынбасар теміртаулық Григорий Ломакинмен кортқа шығады. Ширек финалда Д.Ташболатов Никита Сидоровтың меселін қайырды - 6:2, 6:3. Г.Ломакин де жас теннисші Максим Батютенкомен кездесуде қиналған жоқ - 6:3, 6:1. Е.Ерділда Жәңгір Алмашевті ұтты - 7:5, 6:2. И.Орынбасар Родион Пактан басым түсті - 4:6, 6:4, 6:2.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі