Нұр-Сұлтанда World Junior Tennis Competition 14&under және Junior Davis Cup 16&under іріктеу турнирлері өтуде.

..    Оқылғаны: 961
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Нұр - Сұлтанда World Junior Tennis Competition 14&under және Junior Davis Cup 16&under қатысушылары құрамын анықтау үшін іріктеу жарыстары өтуде, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әр топтан 14&under және 16&under-ден 3 ойыншыдан -  таңдалады, олар жастар құрамасының құрамына кіреді және ағымдағы жылы осы турнирлерде Қазақстанның намысын қорғайды.

"World Junior Tennis Competition командалық жарысы 2021 жылдың сәуір айында өтуі тиіс. Бүгін 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар ойыны басталды, ақтық ойындар 5 ақпанда өтеді. 8-12 ақпан аралығында ойын алаңына 16 жасқа дейінгі ұлдар (ұлдар/қыздар) шығады. Іріктеу ойындарына біз еліміздің барлық өңірлерінен келген ұлдар мен қыздар арасынан сайдың тасындай іріктелген 8 үздік ойыншыны шақырдық. Олар шағын топтарға бөлінеді және шағын топтың ең жақсы екі ойыншысы жартылай финал мен финалда ойнайды. Біз 14 жасқа дейінгі іріктеу критерийлерін белгіледік, онда рейтинг (КТТ, ТЕ, АТФ) және жеке сайыстар ескеріледі" - деп атап өтті "Team Kazakhstan" академиясының менеджері Жанболат Жақыпов.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер