Алматыда теннистен халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды

..    Оқылғаны: 617
Дереккөз:
Автор:
Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери Орталық Спорт Клубының (ЦСКА) теннис корттарында Халықаралық «Вельц Мемориалы» балалар турнирі басталды. Қазақстандағы теннис спортының негізін қалаушы Августин Вельцтің атындағы турнир биыл 30-рет өткізіліп отыр.
 
Бұл спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 12 жасқа дейінгі 100 астам дарынды теннисшілер қатысуда.

Айта кетелік, «Вельц Мемориалы» балалар турнирі Алматыда 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты ұйымдастырушы - Қазақстан теннис федерациясы бұл игі дәстүрді бұдан кейін де жалғастыра бермек. Турнир 17 қаңтарға дейін жалғасады. Жеңімпаздарға құрмет грамоталарымен қоса, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер