Достанбек Ташбулатов Түркиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

..    Оқылғаны: 426
Дереккөз:
Автор:
 
Достанбек Ташбулатов Анталияда (Түркия) өткен ITF FUTURE M15 ANTALYA турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Негізгі кезеңнің бірінші айналымындағы ойында қазақстандық теннисші түркиялық Үмүт Йенилмезден екі сетте басым түсті - 6: 2, 6:4. Кездесу барысында Достанбек бір эйс жасап, төрт рет қарсыластың подачасын алды. Турнирдің екінші айналымында Ташбулатов итальяндық Давиде Галоппинимен кездеседі.
 
Қазақстанның тағы бір өкілі Григорий Ломакин Каирде өтіп жатқан ITF EGYPT MENS FUTURE M15 CAIRO турнирінің екінші айналымында Испания өкілі Хосе Видал Азоринге 1: 6, 1: 6 есебімен есе жіберді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер