Ярослава Шведова Әбу-Даби турнирінің екінші айналымына шыға алмады

07.01.2021    Оқылғаны: 617
Дереккөз:
Автор:
Қазақстандық Ярослава Шведова Әбу-Даби WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Жарақатына және сәбилі болуына байланысты Ярослава үш жарым жылдай WTA турларында ойнамады. Өткен жылы кортқа қайта оралып, Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болған Ярослава Әбу-Даби жарысының алғашқы айналымында рейтингте 318-орында тұрған италиялық Бьянка Туратимен шеберлік байқасты. Бьянка 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер