«Ол әлемді дүрліктірді» Ярослава Шведова коронавирус маусымын қорытындылап, турға қашан оралатыны туралы айтты.

11.11.2020    Оқылғаны: 2175
Дереккөз: Prosports.kz
Автор:
Қазақстандық теннисші және Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослав Шведова Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында коронавирус маусымын қорытындылады, команда мақсаттарын белгілеп, келер жылдың  жоспарымен бөлісті.

- Қазіргі формаңыз қандай? Жатығуларыңызды қайда және қалай өткізіп жүрсіз? Турға қашан ораласыз?
- Карантин жарияланған кезден мен жаттығуларымды осында бастадым.  Мүмкіндік болған кезде дене шынықтыруға уақыт бөлдік, біз корттарға шығу мүмкін болғанда, алаңда жаттықтық. Ал шілде айында мен Испанияға ұшып, жаттығуды сол жерде жалғастырдым. Ұлттық құраманың ЖФД  бойынша жаттықтырушысы Алматыда, сондықтан ол жаттығуларды маған қашықтан беріп отырды. Менің басқа жаттықтырушыларым Испанияда тұрады, олармен белсенді жаттықтық. Ақырындап формаға келе жатырмын. Қазір Қазақстандамын. Ұлттық құраманың үш аптаға созылатын негізгі оқу-жаттығу жиынына дайындықты бастау үшін, апта соңында Алматыда боламын.  Australian Open-ге дайындаламыз. Қазір біз австралиялық турнирлер сериясымен не болатынын әлі білмейміз. Осы аптада ақпарат болу керек. Мен негізі Австралияда алғашқы турнирлерден бастап өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Жоспарға сай Аделаида, Брисбен және Australian Open бар. Мен жалғыз және Елена Рыбакинамен жұп құрамын.

- Жалпы, бұл коронавирус жылы туралы не ойлайсыз?
- Ол әлемді дүр сілкіндірді. Бұл адамдарға бәрін қайта қарастыруға, шамалы қарқынды азайтуға мүмкіндік берді. Мен Испаниядан Қазақстанға сапар шегіп, әуежайда жолаушылар мен қызметкерлердің тыныш, достық қарым-қатынаста болғанын, адамдар арасында үлкен құрмет пайда болғанын байқадым. Мен екі баламен бірге ұшқандықтан, маған барлық жерде көмек ұсынылды. Бұл сәт маған ұнады, өйткені мен өмір бойы жолға шығуға дайын тұрдым және оның қалай болатынын білемін. Мен өзімнің бақылауларымды достарыммен талқыладым, олар да бұл коронавирустың әсері деп айтты. Ол бейберекет қозғалысты тоқтатуға, бәрін қайта ойластыруға және өмірлік сәттерді көбірек бағалауға мүмкіндік берді (күледі).

- Сіз шектеулі турнирлерге және көрерменсіз матчтарға көзқарасыңыз қандай?
-Бұл турды жалғастыру, жанкүйерлердің тенниске қызығушылығын сақтау және оларды пандемиядан алшақтату үшін қажет. Бірақ ойыншы ретінде жанкүйерлердің энергиясы мені қуаттап, алға ұмтыладырады. Кейде кері әсері де болады (күледі). Соңғы өзгерістерді сезгенім жоқ, өйткені мен бұл жоғдайда жарыстарға қатыспадым. Мен қатысқан соңғы турнир бүкіл әлемде карантин енгізілгенге дейін болды. Дубай мен Дохада көрермен лық толған кортта матч өткіздім. Сонымен қатар, испан футбол лигасында матч кезінде жанкүйерлердің қолдау дыбыстарын қосқанды маған қатты әсер етті. Бұл қызықты тәжірибе, өйткені спортшылар кортқа шыққанда жанкүйердің шуына бой үйреткен, ойынды сол әсермен өткізгісі келеді. Тілекшілерің қолдау көрсеткенде ол ойын тізгінін жоғалтып алмауға көмектеседі.  Австралияда матчтар көрермендерсіз өтеді, өзімді қалай сезінетінімді сол кезде байқаймын. US Open және «Ролан Гаррос» ойнаған адамдардың тәжірибесі көп. Білмеймін, мүмкін бұл жаттығу матчтары сияқты шығар. Меніңше, көрермендерсіз ойнау олардың қатысуымен өткен ойындардан әлдеқайда қиын.

- Қыздарымызды өткен маусымдағы өнерін қалай бағалайсыз?
- Олар қатысқан аз ғана турнирлердің қорытындысы бойынша жаман көрінген жоқ. Юлия Путинцева US Open турнирінде және Римде ширек финалға дейін жетті, ал Парижде, өкінішке орай, екінші айналымда Федерация Кубогындағы болашақ қарсыласымыз Нада Подорошкадан жеңіліп қалды. Елена Рыбакина US Open-де біз қалағандай ойнай алмады. Страсбургтегі «Ролан Гарросқа» дейін финалда ол Элина Свитолинадан жеңіліп қалды. Бірақ ауа-райы өте қолайсыз болды. Күз. Өте суық. Тіпті жазда да ызғар болады. Оның ойын жүктемесін ескерсек, денсаулығы сыр берді. Рыбакина қатты ауырып қалды. Мен Ленаның «Ролан Гарросқа» дайын болмағанын білемін  және ол сол кездегі шамасына қарай ойнап шықты.

- Елена Рыбакина жылды сәтті бастады, содан кейін карантин жарияланды, ал маусым қайта басталғаннан кейін ол өз деңгейіне оралмады. Сіздің ойыңызша, бұл пандемиямен тікелей байланысты ма?
- Ленаны алып қарайтын болсақ,  пандемия оның жеңіс сериясын, батылдығын, бабын тежеді. Ол бір матчтан кейін екінші матчқа қатысып, бапталған еді. Артынша бқл жол үзіліп қалды. Мүмкін ол одан да көп ұпай мен тәжірибе жинар ма еді. Ойыны жақсарып, корттағы қимылдары реттелер еді. Ол әлі жас және оны супер ойыншы ретінде қалыптастыру үшін оған мүмкіндігінше көп жеңістер қажет. Өкінішке орай, қазіргі жағдай оған мүмкіндік беріп жатқан жоқ.  Мен онымен және оның жаттықтырушысымен байланыстамын. Олардың көңіл-күйі көтеріңкі, және барлық жағдайға оң көзқарас танытуда.  Не істеу керектігін біледі және сол бағытта қозғалуды жалғастырады. Жұмыс өз жемісін береді. Олар оны қайталауға және тіпті нәтижелерді жақсартуға тырысады. Лена қазір әлемде 19-шы орынға ие және бұл өте керемет нәтиже, бірақ одан да жақсы болуы мүмкін.

- Жақында Римде Рыбакина мен Путинцева арасында жеке кездесу болды. Сіз үшін бұл бұл әдеттегі матч па, әлде бұл кездесу нағыз қазақстандық дерби болды ма?
- Жоқ, бұл әдеттегіматч, бірақ команда ішіндегі бәсекелестікті ешкім жоққа шығара алмайды. Мүмкін, қандай да бір кезеңдерде жүйке сыр берген болар. Біреуі команданың бірінші нөмірі, қарсыласы екінші нөмірде. Сондықтан да матчқа басқа көзқараспен шығу керек және бұл көп командаларда кездесетін жағдай.

- Келесі жылы Федерация Кубогы өтеді деген үміт бар. Бірақ мұндай қиын жағдайларда ойыншыларды қалай дайындауға болады және сіз кімге сенім артасыз?
- Біз команданың толық құрамын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір матч Аргентинаның шағын қаласында өтуі мүмкін деген ақпарат болған. Буэнос-Айрестен әрі қарай тағы жол жүру керек. Енді олар матчты Буэнос-Айреске көшіргендерін мәлімдеді, онда ойыншыларды қорғау үшін  қауәпсәздәі шараларын жасау оңайырақ болады. Әзірге ұйымдастырушылар оны қалай ұйымдастыратыны, ол жерге қашан ұшып баруымыз керек түсініксіз.  Әрине, біз ол жаққа ертерек ұшуымыз керек, өйткені бұл әлемнің басқа шеті. Жаттықтырушылар мен ойыншылармен ақылдасамыз. Мүмкін Автсралияда қалу керек шығар, өйткені онда Буэнос-Айрестегідей күн жылы.  Сондай-ақ, команда мүшелерінің бірінен коронавирус табылу мүмкіндігін де ескеру қажет.  Бұл жағдайда барлығымыз ол турнирден тыс қаламыз, себебі барлығымыз бір топта қозғаламыз.  Бір-бірімен байланысты нюанстар көп. Әзірге дөп басып айту қиын, күту керек және біз жағдайға қарай бейімделеміз.

- Ұлттық құрама үшін тағы бір маңызды турнир Токио Олимпиадасы. Дүбірлі додаға ірітелу мүмкіндігі қандай?
- Қазіргі уақытта бізде үміткерлер айтарлықтай көп емес. Ұлттық құраманың екінші құрамын алайық, олар бас командаға қабылдану жолында және олар олимпиадаға баруға дайын емес. Рейтинг «Ролан Гарростан» кейін есептеледі. Соңғы жағдайларға дейінгі ереже солай болған.  Бірақ қазір бәрі өзгеруде. Рейтинг жүйесі қайта қаралуда. Мүмкіндігінше көп қыздарды тарта аламыз деп үміттенемін. Менің олимпиадаға қатысу үшін «мұздатылған» рейтингімді пайдалануға мүмкіндігім бар. Сондықтан мен бір жолдамаға ие боламын (күледі) және лайықты ойнай аламын деп үміттенемін. Медаль алу үшін өз бабымла болуға тырысамын. Мен жеке және жұптық сында өнер көрсетуді жоспарладым. Сондықтан біз қазір Лена екеуміз мүмкіндігінше жиі бірге ойнауға тырысамыз.

- Соңғы сұрақ. Жақында Нұр-Сұлтанда алғаш рет ATP сериясының турнирі өтті. Қазіргі жағдайда Қазақстанда WTA сериясының алғашқы турнирі де өтуі мүмкін деп не ойлайсыз?
- Иә, ATP сериясының турниріне дейін және одан кейін Нұр-Сұлтанда теннистің дамуында үлкен қарқын байқалды. Бұл үлкен турнир, мүмкін бар болғаны  250 мың шығар, бірақ ол бәрібір ATP турнирі мәртебесінде. Оны өткізуге мүмкіндік туды. Теннис мерекесін өткіздік. Мен WTA сериясының турнирін де өткіземіз деп үміттенемін. Федерация президенті әрқашан жоғары санаттағы турнирлерді өткізуге ниетті және мақсаты жоғары. Сондықтан біз осы мақсатты орындауға ұмтыламыз. Сондықтан бізде WTA және ATP категорияларының ойыншылары мен турнирлері көбірек болады деп сенемін.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер