Astana Open турнирінің жұптық кездесулер финалында белгиялық Жилле – Флиген жұбы Aвстралия теннисшілері Перселл – Сэвилл жұбымен ойнайды

..    Оқылғаны: 456
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы

Нұр-Сұлтан, 31 қазан (пресс-релиз): Турнирдің бірінші нөмірі, бельгиялық жұп Сандер Жилле мен Йоран Флиген Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан ATP 250 Astana Open турнирінің жұптық разрядының финалында австралиялық жұп Макс Перселл мен Люк Сэвиллмен кездеседі.

Бүгін жартылай финалда бельгиялық жұп Сандер Жилле мен Йоран Флиген Сальвадордан келген Марсело Аревало мен Босния және Герцеговинадан келгенТомиславБркичтің жеңіс сериясын аяқтады 7-6 (4), 7-6 (3).

Australian Open финалистері, Astana Open рейтингінде екінші сатыдағы Макс Перселлмен Люк Сэвилл жұбы бірінші сетте жеңіліп, турнирдің төртінші нөмірі Жапониядан келген Бен Маклахлан мен хорват Франко Скугорды қалған екі сетте тізе бүктірді. Есеп: 4-6, 6-3, 10-5.

Өткен жылы 3 турнирде жеңіске жеткен бельгиялық Жилле - Флиген жұбы осы маусымның алғашқы титулын жеңіп алуға барын салары анық. Ал Australian Open финалистері австралиялық Перселл мен Савилл жұбы мансабындағы алғашқы АТР жүлдесінен дәмелі.
 
ЖҰПТЫҚ РАЗРЯД –ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ

[1] Сандер Жилле (BEL) / Йоран Флиген (BEL) d Марсело Аревало (ESA) / Томислав Бркич (BIH) 7-6(4),7-6(3)

[2]Макс Перселл (AUS)/Люк Сэвилл (AUS) d [4] Бен Маклахлан (JPN) / Франко Скугор (CRO) 4-6, 6-3, 10-5
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер