Австралиялық камбэк патшасы Джон Миллман Astana Open Адриан Маннариномен ойнайды
31.10.2020 Оқылғаны: 3552
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Нұр-Сұлтан, 31 қазан(пресс релиз): Турнирдің төртінші нөмірі Джон Миллман Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан ATP 250 Astana Open турнирінде үшінші сетте геймде 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, америкалық ФрэнсисТиафоны қапы қалдырды.
Жартылай финалда турнирдің төртінші нөмірі, австралиялық Джон Миллман үшінші сетте 0-3 есебімен жеңіліп тұрып, камбэк жасады, нәтижесінде америкалық ФрэнсисТиафоны қапы қалдырды. Бұған дейінгі раундта ол тағы бір америкалық теннисші Томми Полмен өткен матчта 2 матч-пойнт алып жеңісін тойлаған еді. Тартысқа толы кездесу 2 сағат 8 минутқа созылды. Миллманды ATPтурындағы үшінші финалына шығарған кездесу 3-6,6-4,6-4 есебімен аяқталды.
Әлемнің 39-ракеткасы, үшінші нөмірлі 32 жастағы француз Адриан Маннариноіріктеу арқылы негізгі кестеге түскен фин ойыншысы ЭмильРуусувуориді жеңісті жолынан тайдырған болатын. Маннарино 1 сағат 40 минутта кездесуді 7-5, 6-2 есебімен аяқтап, осы маусымдағы АТР турнирінің бірінші финалына шықты.
2019 жылы Хертогенбостегі жеңісінен кейін Маннарино екінші жеңісіне қол жеткізу үшін барын салары анық. Бұл турнир Милманға мансабында алғаш рет АТР турнирінің бас жүлдесін қанжығасына байлауға мүмкіңндік беретін жарыс.
Әлемнің 45-ракеткасы, 31 жастағы австралиялық Миллман бүгінгі жеңісінен кейін Тиафомен жеке кездесулерінің есебін 3-1 жеткізді. Тениисшінің бұл үшінші финалы. Бұған дейін ол Будапеште (2018) және Жапонияда (2019) өткен АТР турнирінің финалына жеткен еді.
Миллманның биылғы маусымдағы үздік нәтижесі Оклендте өткен АТР турнирі болатын. Ол жарыстың ширек финалына дейін барып, шешуші кездесуде бірінші сеттің 7,9-геймдерінде допты ойынға қосуда қателесіп, 6-3 есебімен Тиафоға ұтылған болатын.
Екінші сетте Миллман әлемнің 64-ракеткасы, 22 жастағы Фрэнсис Тияфоға өз ойын өрнегін ойнауға мәжбүрлеуге тырысты. Ол қарсыласының әдемі соғылған добын нағыз шеберге тән әдіспен қабылдап отырды. Ал 10-геймде допты ойынға қосып, сол жақ линиядан жасалған шабуылдарының арқасында 6-4 есебімен бұл бөлімді өз пайдасына шешті.
Осы аптада эйс жасаудан екінші көрсеткішке (18), ал допты ойынға қосуда иеленген ұпай санымен (36%) үшінші сатыға тұрған Тиафо қарқынын жоғалтпай, үшінші сетте 3-0 есебімен алға шықты. Үшінші геймде Миллманда брейк поинт болды - 30-40, бірақ ол оны жүзеге асыра алмады. Нәтижесінде Тиафо есепті 3-0 жеткізді.
4-геймде австралиялық теннисші 3-1 есепте допты ойынға қосу ұпайын сақтап қалды. Осыдан кейін бірнеше сәтті шыққан әдістердің арқасында 5-геймде Тиафоның допты ойынға қосу ұпайын өз пайдасына шешті. 6-геймде таразы басын теңестірді: 3-3. Келесі геймдерде қарсыластар сауатты ойнап есепті 4-4 жеткізді.
9-геймде 0-40 есебімен арта қалған Тиафо,3 брейк-поинт жасады. Алайда төртінші брейк-пойнтта Миллман оң жақтан тамаша соққы жасап, геймді 5-4 есебімен өз пайдасына шешуге мүмкіндік алды. Шешуші 10-геймде МиллманТиафоны шабуыл астына алды. Австралия өкілі допты ойынға қосуда ұпайын сақтап қалып, осы маусымдағы алғашқы финалына шықты.
«Матч өте ауыр өтті. Бірақ мен бақыттымын. Финалға дейінгі жол оңай болған жоқ. Бүгінгі, Фрэнсиске қарсы ойын сөз жоқ қиын болды, маған Фрэнсиске қарсы шығу үшін бар мүмкіндігім мен тәжірибемді пайдалану керек болды. Фрэнсис – өте қауіпті ойыншы. Сондықтан бүгінгі матчта бар күшімді салдым», - деді БАҚ матчтан кейін Миллман.
«Екінші сеттің ортасына қарай жылдамдық қостым, соның арқасында бұл сет менің пайдама шешілді. Ал 3-сетте Фрэнсис алға шықты. Бірақ мен берілген жоқпын, тізгінді қолыма алып, діттегенге жеттім. Күрестен қашпайтынымды мақтан тұтамын.
«Финалға шығу сөзбен жеткізу мүмкін емес сезім. Ертең жақсы өнер көрсетіп, жеңімпаз атанғым келеді. Турнир өте қызықты өтті, турнирден және мені қоршаған көңіл күйден ләззат алдым», - деп сөзін жалғастырды Джон.
«Теннис қабыршағында» өтіп жатқан жарыстарға қатысты Миллман: «Біз 3-4 айдан бері «қабыршақ» ішінде жүргендейміз. Отельден жарыс өтетін орынға, жарыс аяқталысымен кері қайтамыз. Көшеге шыға алмаймыз, бұл жүйкеге әсер етпей қоймайды. Және бұл физикалық ауыртпалықтар емес, жылдың өзі өте ұзаққа созылғандай.
«Бұдан бөлек соңғы шектеулер менің Австралияға, үйіме оралуыма кедергі болды. Сондықтан мен әрдайым жолда болдым», - деп сөзін аяқтады Миллман.
Екінші жартылай финалда француз Маннарино 1 сағат 40 минутта әлемнің 98-ракеткасы, негізгі кестеге іріктеу жарыстары арқылы келген және өз мансабында алғаш рет АТР жартылай финалына шыққан фин Эмиль Руусувуориді 7-5,6-2 есебімен жеңді.
Осы турнирде допты ойынға қосуда геймде ұпай алғандар статистикасында (16 дан 15 - 94%), брейк-поинттарда (7 ден 6, 86%), 1-ші доп беруде ұпай иеленуде (42%), 2-ші доп беруде ұпай алуда (73%) және қарсыластың ойынға қосқан добын өз пайдасына шешу (15 тен 9, 60%) көрсеткіштерінде көш бастаған Маннарино, фин ойыншысына қарсы өткен матчта бірінші сеттің 11-геймінде брейк-поинтқа қол жеткізді.
Екінші сетте Маннарино кездесу толықтай өзі биледі,1 және 5- геймдерде Руусувуоридің екі бірдей допты ойынға қосуын өз пайдасына шешті, есеп:6-2.
«Турнирді жалғастыруға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Көрсеткен ойыныма көңілім толады. Бірінші сетте Руусувуори матчты өз бақылауында ұстады. Бірақ мен оның шабуылдарына сауатты жауап беріп, бірінші сетті өз пайдама шештім, Допты ойынға қосу линиясында жақсы ойнадым, алайда алғашқы допты ойынға қосу қатысында әлі де жаттығу керек», - деді Маннарино матчтан кейін. Ол сондай-ақ: «Мен Джон Миллманмен бұған дейін бірнеше рет кездескенмін, ол сенімді дос, әріптес, сондықтан ертең онымен финалда ойнайтыныма қуаныштымын», - деді.
«Бүгінгі кездесу оңай тиген жоқ. Тым ұзақ уақытқа созылғандай көрінді. Қатарынан алты матч өткізу расымен оңай емес. Ал жалпы алғанда бұл апта өте көтеріңкі көңіл күйде өтті. Тәжірибе жинақтауға, білмегеніңді үйренуге берілген тамаша мүмкіндік», - деді жас фин спортшысы Эмиль Руусувуори матчтан кейін.
НӘТИЖЕЛЕР–ЖЕКЕЛЕЙ СЫН–ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ
[3] Адриан Маннарино (FRA) d [Q] Эмиль Руусувуори (FIN ) 7-5,6-2
[4] Джон Миллман (AUS) d Фрэнсис Тиафо (USA) 3-6,6-4,6-4

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
15.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
15.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
15.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі