Джон Миллман, Фрэнсис Тиафо, Адриан Маннарино мен Эмиль Руусувуори Astana Open жартылай финалына шықты

31.10.2020    Оқылғаны: 618
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы

Нұр-Сұлтан, 30 қазан (пресс-релиз): Турнирдің төртінші нөмірі, австралиялық  Джон Миллман 2 матч-пойнтты қайтарып, ал америкалық Фрэнсис Тиафо үшінші сетте жеңісін тойлады. Осылайша қос теннисші Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан ATP 250 Astana Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Турнир рейтингінде төртінші нөмірмен белгіленген Джон Миллман жан алысып, жан беріскен үш сағаттық матчта 6-7 (5), 6-4,7-6 (5) есебімен ұтты.  Австралиялық үшінші сетте 2 матч-пойнтты қайтарып, 0-5 есебімен ұтылып жатқан тұста тай-брейкте 7 ұпай иеленіп кетті.  Енді Миллман АТР турнирінің жартылай финалында әлемнің 64-ракеткасы, 22 жастағы Тиафомен шеберлігін сынайды.

Тиафо өз кезегінде әлемнің 83-ракеткасы, белорус Егор Герасимовты тізе бүктірді. 2 сағат 35 минутқа созылған ширек финал ойыны 7-6 (5), 5-7, 7-5 есебімен америкалықтың пайдасына шешілді. Турнирдің үшінші нөмірлі теннисшісі Адриан Маннариноға АҚШ өкілі Маккензи Макдональдтың жеңісті сериясын тоқтатуға екі-ақ сет қажет болды.  Әлемнің 209-ракеткасы тым кеш бастаған шабуылдарын сәтті қайтарған Адриан 1 сағат 40 минутқа созылған кездесуді 6-1,6-4 есебімен аяқтап, жартылай финалистер төртігіне қосылды.

Енді Маннарино турнирге іріктеу арқылы келген фин өкілі Эмиль Руусувуоримен ойнайды. Қарсыласы бұған дейін 1 сағат 21 минутта алаң иесі Михаил Кукушкиннен  6-3, 6-1 есебімен айласын асырған болатын.

31 жастағы Миллман әлемдің рейтингте 45-орында. Ол былтыр Токиода өткен АТР турнирінің финалына өткеннен кейінгі уақытта Нұр-Сұлтанда  алғашқы жартылай финалына шықты. Әлемнің 59-ракеткасы, 23 жастағы жас спортшы Томми Полмен брейктермен алмасқаннан кейін, Миллман бірінші сеттің тай-брейкінде жеңіліс тапты.  АТР турнирлерінің екі финалына шыққан әккі спортшы Миллман екінші сетті байсалды бастады.  8-геймде шешуші брейкке қол жеткізіп, сетті 6-4 есебімен өз пайдасына шешті.

Александр Зверев пен Григор Димитров сынды мықтыларды тізе бүктірген Пол  үшінші сетте  5:2 есебімен алға шықты. Алайда қарқынын күшейткен Миллман есеп айырмасын  4-5 есебіне дейін жеткізді. Adelaide International турнирінің жартылай финалына дейін жеткен 23 жастағы Пол 10-геймде матч-пойнтта екі бірдей қателікке жол берді. Екі пойнттан кейін оң жақтан соққан ұзақ соққысының арқасында есепті теңестірді: 5-5.

Тай-брейкте америкалық алға шықты және ойынды 5:0 есебімен бастады. Осы сәтте Миллман үшін матч тағдыры шешілгендей әсер болған, бірақ ол берліген жоқ. Бірнеше қатты соққы мен қарсыласының доп беруін тамаша қабылдады. Қоржынында 7 ұпай. Тай-брейкті 7-5 есебімен жапқан австралиялық спортшы матчты 7-6 (5) есебімен аяқтады. Австралия өкілі жартылай финалистер қатарында.

«Матчтағы шиеленісті тұстарға төтеп бере алғаныма қуаныштымын. Тартысты өткен кездесуде жеңіске жету ерекше сезім сыйлайды. Әрине матч мен үшін тым жақсы өтті деп айта алмаймын. Үшінші сетте 2-5 есебімен артта қалып, жағдайды түзетуге тура келді. Бірақ мен матч соңына дейін күресетін спортшымын», - деді Миллман, матчтан кейінгі сұхбатында.

«Мен өте бақыттымын. Мақсатым орындалды. Күресті одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алдым. Маған бұл жер өте қатты ұнайды, сондықтан жайдарлы орта менің матчтарда жеңіске жетуіме себеп болғаны сөзсіз.  Astana Open қонақжайлығымен есте қалады, осында ұзақ уақыт болғым келеді.

Менің келесі мақсатым ертеңгі ойынға дейін бабыма келу. Алда Тиафоға қарсы тартысты ойын күтіп тұр», - деді ол.

22 жастағы Тиафо, әлемнің 64-ракеткасы, осы маусымда ATP турының алғашқы жартылай финалына өтіп, әлемнің 83-ракеткасы Белорус Герасимовты 2 сағат 35 минутта 7-6 (5), 5-7, 7-5 есебімен жеңді.

Италияның Парма қаласында өткен «Ролан Гарростың» 2-аптасында  ATP Challenger турында  өзінің 5-ші атағын жеңіп алған Тиафо, 12-ші геймде сет-пойнтқа бір қадам жақын болған және сетті 7-6 (5) есебімен жеңіп алды.

Содан кейін, Герасимовтың шабуылымен Тиафо екінші сеттің бірінші ойынында өзі допты ойынға қосып тұрып жеңіліп қалды. Ақпан айында Пунадағы ATP Tour турнирінде алғаш рет финалға шыққан белорус (Веселадан жеңіліп қалды) 3 эйс берген, алайда  10-шы геймде Тиафоға жол берді.

Бірақ 27 жастағы белорус ойын тізгінін қолға алуға тырысты. 11-геймде Тиафоның соққысын кері қайтарды. Содан кейін 7-5 есебімен екінші сетті өз пайдасына шешіп, үшінші сетті қамтамасыз етті.

Үшінші сеттің 7-геймінде Герасимов  Тиафоның алдын орап, есепті 4:3 жеткізді. Оған сет есебін 5-3 жеткізугебір ғана ұпай жетпей тұрған. Бірақ ол қолда тұрған мүмкіндікті жіберіп алып, екі бірдей қателікке бой алдырды. Қарсыластың олқылығын сәтті пайдаланған Тиафо допты қайтарып, есепті теңестірді: 4-4.

Келесі төрт геймде біз Тиафодан диагональ бойынша солға және оңға қарай күшті соққылардың керемет көрсетілімін көрдік, бұл оған ойынды бақылауға мүмкіндік берді. Үшінші сеттің 12-ші ойынында Тиафо ақыры Герасимовтың доменін алып, осы жылы өзінің алғашқы жартылай финалына шықты.

Келесі төрт гейм қарсыластардың бір-бірімен доп алмасу сәттеріне толы болды. Тиафоның соққылары күшейе түсті. Оның ойын тізгінін қолына алғаны анық еді. Үшінші сеттің 12-геймінде Герасимовтың ойынға доп қосуын өз пайдасына шешіп, биылғы алғашқы жартылай финалына жолдама алды.

«Өте ауыр матч болды. Қарсыласым қарымды. Өте жақсы ойыншы», - деді ойыннан кейін Тиафо. «Менің допты ойынға қосуларым сәтсіз шықты, қарсыласыма тым көп мүмкіндік беріп қойдым. Тізгінді қайта қолға алу оңай болған жоқ. Бірақ мақсатыма жеткеніме қуаныштымын», - деп сөзін толықтырды ол.

Турнирдің үшінші нөмірлі теннисшісі, француз Адриан Маннарино 25 жастағы американдық, әлемнің 209-ракеткасы Маккензи Макдональдтың қарсылығына төтеп беріп, оны 1 сағат 40 минутта 6-1, 6-4 есебімен жеңді.

Әлемнің 39-ракеткасы, 32 жастағы Маннарино, осы маусымдағы алғашқы жартылай финалына шықты: «Мен бүгінгі жеңісіме өте қуаныштымын. Егер бірінші сет ойдағыдай өткенде, матч оңай өтті деуге болар еді. Екінші сет ауыр тиді, бірақ мен соңына дейін берілгенім жоқ», - деді ол.

Руусувуори, Финляндияның үздік ойыншысы, үшінші апта қатарынан және осы маусымда бесінші рет ATP турниріне қатысуда. Ол бұл турнирді уайлд-кард иегері Скатовты 6-2, 6-0 есебімен жеңіп бастады. Содан кейін ол сегізінші нөмірлі австралиялық Джордан Томпсонды 6-2, 3-6, 6-4 есебімен жеңіп, ATP турының бірінші ширек финалына шықты.

Қатарынан төртінші матчын өткізген фин ойыншысы қазақстандық жұлдыз Кукушкинді кортта жиі орын ауыстыруға және қателіктер жіберуге мәжбүрлей отырып, сенімді ойын көрсетті. Кеше камбэк жасап  6-7 (4) 7-6 (2)  Бенуа Пэрді қапы қалдырған Кукушкин бүгін шаршаңқы көрінді.

Кукушкинді жеңген 21 жастағы фин 2014 жылдың қыркүйегінде Куала-Лумпурда финалған шыққан Яркко Ниеминеннен кейін ATP турының жартылай финалына шыққан алғашқы фин ойыншысы болды.

НӘТИЖЕЛЕР: ЖҰМА

ЖЕКЕЛЕЙ СЫНШИРЕК ФИНАЛ   

[Q] Эмиль Руусувуори (FIN) d Михаил Кукушкин (KAZ) 6-3,6-1

[3] Адриан Маннарино (FRA) vs [PR] Маккензи Макдональд (USA) 6-1,6-4

[4] Джон Миллман (AUS) d [7] Томми Пол (USA)   6-7(5),6-4,7-6(5)

Егор Герасимов (BLR) vs Франсис Тиафо (USA)   7-6(5),5-7,7-5

ЖҰПТЫҚ РАЗРЯД – ШИРЕК ФИНАЛ  

 [1] Сандер Хилле (BEL) / Йоран Флиген (BEL) - Джонатан. Эрлих (ISR) / Андрей Василевский  (BLR) w/o

Марсело Аревало (ESA) / Томислав Бркич (BIH)  d  [3] Маркус Даниэлл (NZL) / Филип Освальд (AUT) 7-6(4) ,3-6,11-9


Марсело Аревало (ESA) / Томислав Бркич (BIH) d [3] Маркус. Даниэлл (NZL) / Филипп Освальд (Австрия)

[4] Бен Маклахлан (JPN) / Франко Скугор (CRO) d  Сандер Арендс (NED) / Артём Ситак (NZL) 6-3 ,7-6(4)


 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер