ATP 250 Astana Open турнирі. Финалистер анықталды.

31.10.2020    Оқылғаны: 660
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Astana Open турнирінің алғашқы жартылай финалында австралиялық Джон Миллман мен АҚШ спортшысы Фрэнсис Тиафо  кездесті.

Миллман – Тиафо

Astana Open турнирінің алғашқы жартылай финалында турнирдің төртінші нөмірі австралиялық Джон Миллман мен АҚШ өкілі  Фрэнсис Тиафо у кездесті.
Әлемнің 45-ракеткасы Джон Миллман бүгінгі сынға дейін 1/8 финалда Фернандо Вердасконы, ал бір күн бұрын 0:5 есебінде  адам сенгісіз камбэк орындап Томми Полды ұтқан болатын. 
Рейтингтің 64-нөмірі Фрэнсис Тиафо өз кезегінде  Корентен Муте, турнирдің екінші нөмірі  Миомир Кецмановичті және тартысқа толы үш сеттік матчта Егор Герасимовті қапы қалдырды.



Бүгінгі жартылай финалға дейінде қос теннисші өз-ара кездескен, таразы басы Джон Миллман жағында болғанымен биылғы  US Open додасында бес сетке созылған кездесу Фрэнсис Тиафодың жеңісімен аяқталған. 

Нұр-Сұлтанда өткен Тиафо мен Миллман арасындағы тартыс қос тараптың сенімді допты ойынға қосуларымен басталды. Бесінші геймдегі Миллманның екінші доп беруінде 0:40 есебімен артта келе жатқан Тиафо қатаңдау ойнап, брейкпоинтқа қол жеткізді, бірақ австралиялық оңай берілетін қарсылас емес екен. Миллман сет барысында допты ойынға қосуда қателіктерге бой алдырды. Нәтижесінде Тиафо  сеттегі бірінші брейкті орындады. Миллманның брейкпен жауап беруге мүмкіндігі болған, бірақ өз бабын тапқан Тиафо оған еш мүмкіндік берген жоқ. Миллман қарсыласының жылдамдығына ілесе алмай әбден састы. Осылайша өзінің ойынға доп қосу сәтінде тағы бір геймді қарсыласына беріп қойды. Сет Фрэнсис Тиафодың пайдасына шешілді.

Екінші партияның басында Джон Миллман допты алаң шетіне қарай беруге тырысты, ал Фрэнсис Тиафо  қысқа шабыуылдармен жауап қайтарды. Екі теннисші допты ойынға қосу геймдерінде қателік жасаған жоқ. Есеп 2:2 болғанда брейкпоинтқа бірінші болып австралиялық теннисші жетті, бірақ  бұл ретте де Тиафо мықтылығын дәлелдеп,  артқы линиядан соққан доптары мен қысқа қайырымдарда қарсыласының мүл кетуіне жол ашты. Фрэнсис келесі геймде форхендтен қателескенімен өз геймдерін нөлдік есебімен алды. Партия соңына қарай Миллман америкалық әріптесіне шабуылын үдете түсті, 4:4 есебінде брейкпоинтқа қол жеткізді. Көп ұзамай тізгінді қолға алған ол, Тиафоды тығырыққа тіреп, сет есебінде таразы басын теңестіріп кетті.

Шешуші сетте Фрэнсис Тиафо бірінші болып брейк жасады және  2:0 есебімен алға шықты. Миллман болса геймде
 бір де бір ұпайға иелік ете алған жоқ. Келесі геймдегі брейкпоинтта жүзеге аспады. Австралия өкілі допты ойынға қосуда мұқияттылық танытып, геймді өз пайдасына жазды, Тьяфудың бәсеңдегенін пайдаланып қайтарма брейкпен діттегенге жетті.   Тиафо шаршаңқы көрінді, допты ойынға қосуда көп қателесті, осыны пайдасына асырған австралиялық қарсыласы төртінші ретте брейкпоинтты алды. Америкалық теннисшіге тартысты жалғастыруға күші жетпеді. Сетті өз пайдасына шешкен Джон Милманн Astana Open турнирінің жартылай финалына берліген жолдаманы қалтасына басты: 3:6, 6:4, 6:4.

- Маған бұл жер қатты ұнайды, сондықтан Нұр-Сұлтанда өткізетін уақытты барынша ұзартқым келді. Шын жүректен барлық турнир ұйымдастырушыларына ризашылығымды білдіргім келеді. Тек бір ғана өкініштісі турнир жанкүйерсіз өтіп жатыр. Әрине бұның барлығы пандемия салдары. Турнир АТР күнтізбесінде тұрақтап, мен Нұр-Сұлтанға қайта келемін деп үміттенемін, - деді сұхбат берген Джон Миллман.

Руусувуори – Маннарино

Турнирдің екінші финалисті, турнирдің 3-нөмірлі теннисшісі, француз Адриан Маннарино мен жартылай финалға іріктеу турнирі арқылы өткен фин Эмиль Руусувуори арасында өткен кездесуде анықталды.
Қос теннисші Astana Open турниріне дейін ресми матчтарда бұған дейін кездесіп көрмеген. АТР рейтингінде 39-сатыда орналасқан  Адриан Маннарино Нұр-Сұлтанда Юити Сугита мен  Маккензи Макдоналдпен өткен кездесулерде жеңімпаз атанған. Ал Эмиль Руусувуориге  турнирдің негізгі кестесінде  Джон Томпсон ( 1/8 финалда) және екі қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (1/16-да) пен Михаил Кукушкин (ширекфиналда) қарсылас атанды.



Қазақстан елордасында өткен жартылай финал кездесуінде Эмиль Руусувуори  алғашқы сәттен өткір шабуылдармен ойнады, бірақ Адриан Маннарино өз жағына келген барлық допты кері қайтарды, кей тұстарда тіпті тізгінді өз қолына алуға тырысты.  Француз бірінші геймде брейк жасады. Руусувуори төртінші геймде жылдамдығын үдеткен. Қарсыласының қателесуіне жағдай жасап, нәтижесінде есепті теңестірді. Партияның орта тұсына келгенде финнің эйстері сәтті шығып, 21 жастағы теннисші өзін сенімді ұстады. Ұзақ доп алмасуда мықты саналатын Маннарино қарсыласының ір-бір шабуылын кері қайтарып отырды. Есеп 5;5 болып теңескенде
 


Эмиль болмашы қателікке жол беріп, бұл сетте Адриан Маннарино жеңімпаз атанды.
Екіәнші партияның басында Эмиль Руусувуори допты ойынға қосуда геймді өз пайдасына шеше алған жоқ. Барынша сабырлы ойнаған Маннариноның тактикасын өзгерту фин спортшысына қиынға соқты.  Бірнеше рет қателік жұмсады. Осаыдан кейін жас теннисші эмоцияға беріліп, ұпай еселейтін тұста ойынға қосқан доптары көп жағдайда алаң сыртынан табылды. Алайда жігерлік танытып, француз әріптесіне партияны бірінші матчболдан алып кетуге мүмкіндік берген жоқ. Маннарино допты ойынға қосты, Руусувуори қателесуге болмайтынын жақсы түсінді. Дәлірек ойнауға барын салды. Бірақ партияның аяқталуын көпке созғысы келмеген  Адриан Маннарино  жартылай финал матчын  7:5, 6:2 есебімен аяқтады.

- Қарсыласым матч барысын барынша бақылауда ұстады, бірақ мен мақсатыма жеттім. Мен өз бабыма сай ойнадым, бірақ маған допты ойынға қосуда біршама жаттығу керек. Мен Джон Миллманмен бұған дейін бірнеше рет кездескенмін, ол сенімді дос, әріптес, сондықтан ертең онымен финалда ойнайтыныма қуаныштымын, - деді Адриан Маннарино матчтан кей
 
Жұптық кездесуде Astana Open финалына эквадорлық Марсело Аревало  мен босниялық Томислав Бркичті ұтқан  белгиялық Сандер Жилле мен Йоран Флиген жұбы финалға шықты.
Олар финалда халықаралық жұп  - жапон Бен Маклахлан мен хорват Франко Скугоранадан айласын асырған австралиялық Макс Перселл мен Люк Сэвилл жұбымен бас жүлдені сарапқа салады.

Aлғаш рет өтіп жатқан  ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс жанкүйерсіз өтіп жатыр, Матчтардың барлық трансляциясы QAZSPORT арнасы арқылы таратылады.

ATP 250 «Astana Open» турнирінің бас демеушісі мәртебесінде Beeline компаниясы қатысады. Демеушілер: Forte Bank және Mastercard.
Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar және Land Rover, Тeсhnodom, Aqua Rossa, Technogym, Нead, ASU.
Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31-арна, Forbes.kz, Business FM.
 
Қазақстан теннис федерациясы
 






 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер