Қазақстандық Михаил Кукушкин турнирдің бірінші нөмірі саналған Бенуа Перді тізе бүктіріп Astana Open ширек финалына шықты. Іріктеу турнирінде Эмиль Руусувуори турнирдің сегізінші нөмірі ДжорданТомпсонды қапы қалдырды.

..    Оқылғаны: 516
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы

Нұр-Сұлтан, 29 қазан (Пресс-релиз): Алаң иелерінің көшбасшысы Михаил Кукушкин Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан ATP 250 Astana Open чемпионатында тірнирдің мықтысы саналған француз Бенуа Перді жарыс жолынан шығарып, ширек финалға жолдама алды.

Біріншісеттеқостеннисшініңшамасыбірдейболды. Михаил Кукушкин тек біріншісісәтсізболдыдемесең, қалғандоптыойынғақосукездеріндегеймдіөзпайдасынаоңайшешті. Қорытынды есеп  6-7(4), 7-6(2), 6-1. Әлемдік рейтингте 27-нөмірлі және турнирдің бірінші нөмірі Бенуа Пермен өткен матч 2 сағат 14 минутқа созылды.

Фин Эмиль РуусувуориАТР турнирінің негізгі кестесін қатарынан үш апта шығып жатыр. Ал Нұр-Сұлтандағы турнирде өз мансабында алғаш рет шыққан ширек финалға жолдаманы ұту үшін оған 2 сағат уақыт қажет болды. Ол 26 жастағы австралиялық Джордан Томпсонмен кездесіп,  6-2, 3-6, 6-4 есебімен мықты атанды.

Жартылай финалға шыққан тағы екі спортшы: үшінші нөмірлі Адриан Маннарино мен америкалық Маккензи Макдональд.  Екінші кезең матчтарында Адриан Маннарино жапон өкілі Юити Сугитаны  6-1, 6-1 есебімен оңай ұтты. Ал америкалық Маккензи Макдональд алдымен бірінші сетте ұтылып, қалған екі сетте жігерлік танытты, қарсыласы, әлемдік рейтингте 18-болған wildcardиегері Андреас Сеппимен өткен ойынды 3-6, 6-3, 6-3 есебімен қорытындылады.

Бүгінгі жарыс күнінің үздік кездесуі саналған ойында алаң иесі  Михаил Кукушкин кортта 2 сағат 14 минут өткізіп, француз Бенуа Перді 6-7(4), 7-6(2), 6-1 есебімен ұтты.

Маусым қайта басталғалы Пердің жолы болмай-ақ қойды. Ол осымен алтыншы рет алғашқы кездесуін жеңіліспен аяқтап жатыр. Әлемдік рейтингте қазір 91-орында тұрған 31 жастағы қазақстандық теннисшілердің көшбасшысы Михаил Кукушкин айды аспанға шығарып, мықты қарсыласын тізе бүктірді.

Бірінші сетте қос теннисшінің шамасы бірдей болды. Михаил Кукушкин тек біріншісі сәтсіз болды демесең, қалған допты ойынға қосу кездерінде геймді өз пайдасына оңай шешті. Діттегенге дөп тиіп жатқан добы қарсыласын әбден састырды. Бенуа Пердің допқа ойынға қосуы да ойдағыдай болған жоқ. Ал сегізінші геймде қатарынан үш қателік жасап, оны өз пайдасына шешкен Кукушкин көптен күткен қайтарма брейкті алды. Тең дәрежеде өткен сет тай-брейкпен аяқталды. 1:5 есебімен жеңіліп тұрған жерлесіміз таразы басын теңестірді, бірақ Перу допты бірінші ойынға қосуда жолы болып, сетті өз пайдасына аяқтады.

Екінші партияда Кукушкиннің қарсыласы 3:0 есебімен алға шықты, алайда Кукушкин допты ойынға қосуда басымдық танытып, төртінші геймде ұпайын еселеді. Бенуа Пердің сүйікті әдістері виннерлер мен эйстер бұл жолы қалағандай бола қоймады.  Соңғы қателігі Кукушкиннің қайтарма брейкіне әкеліп, допты ойынға қосқан келесі геймде Михаил есепті теңестірді – 4:4. Бір-бірінің қимылына тиісінше жауап беруге тырысып баққан қос мықтының кезекті текетіресі тай-брейкпен жалғасты. Бұл жолы алаң иесінің соққылары дәл тиіп, партия бойынша есеп тең түсті.

Үшінші сет әр ұпай үшін күрес  жағдайында өтті. Бұл жолы бірінші брейк Михаил Кукушкиннің еншісінде. Бену Пер есеп айырмасын өзгертуге барын-ақ салды, бірақ ойын тізгінін қолына мықтап ұстаған жерлесіміз қайсарлық танытып, алшақтықты үш геймге дейін ұзартты.

Қазақстандық әр соққыға дәл жауап қайтарды, тағы бір брейкке иелік етіп, сенімді басымдықпен турнирдің сенсациялық жеңісіне қол жеткізді. Есеп: 6:7 (4:7), 7:6 (7:2), 6:1.

- Менің қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мен оның қазір бабына келе қоймағанын білетін едім. Маған өз күшіме, өз мүмкіндіктеріме сену керек болды. Сенім ақталды. Тартысты өткен матч менің пайдама шешілді, - деді журналистер алдында сөз алған Кукушкин. Мен бұған дейін Бенуамен кортта кездескенім жоқ, сондықтан алдымен оның ойын құрастыру әдістеріне шамалы бой үйреттім. Ол өте қу ойыншы. Ойын соңына қарай тізгін менің қолымда болды. Матч барысында допты алғашқы болып ойынға қосу стратегиясын ұстандым, және ол нәтижесін берді, - деп сқзін қорытындылады қазақстандық теннисші.

Ширек финалда Кукушкин іріктеу матчтарының жеңімпазы, фин Эмиль Руусувуоримен ойнайды. Ол әлемнің №60 тенисшісі Джордан Томпсонды 2 сағатта 6-2, 3-6, 6-4 есебімен жеңген болатын.

Бірінші сетте жеңіліс тапқан турнирдің сегізінші нөмірі Томпсон екінші сетті 6-3 есебімен өз пайжасына жазды. Одан кейінде ойын тізгінін өз қолынан шығармауға тырысты. Үшінші сетте ерте үзіліс алып, 3:1 есебімен матч есебінің көшін бастады.

Алайда жуырда FedEx ATP – 100 рейтінгіне қосылғанФинляндияныңжас спортшысы, сегізінші болып іріктелген Джонсонның мысын басу үшін барын салды. Үшінші сетте 6-4 есебімен шығу үшін ол 6-шы және 10-шы геймді өз пайдасына шешті.

«Жалпы алғанда матч жақсы өтті. Соңғы апталарда мен ауыр тиген матчтарда жеңіліс тапқан едім. Сондықтан бүгінгі ойында осы жеңілістерден алған сабағымды пайдаланып, жеңіске ұмтылдым», - деді матчтан кейін Руусувуори. Мен өзімді жақсы сезіндім, Корттағы ұсынылған жағдайда көңілімнен шығады. Менен турда біршама артық ойын көрсеткен тәжірибелі әріптестерімнен үйренерім мол», - деп сөзін жалғастырды ол.  

«Менің мақсатым биыл үздік 100-ке ену. Сондықтан осы мақсаттың орындалғанынан қуаныштымын. Австралияның ашық чемпионатында өз бабымда боламын деп ойлаймын»,- деп сөзін қорытындылады спортшы.

Әлемдік рейтингтің 39-нөмірі, турнирдің 3-спортшысы француз Адриан Маннарино жапониядан келген әріптесі Юити Сугитаны оңай ұтты. Ширек финалға шығу үшін ол  матчты 1 сағатта 6-1, 6-1 есебімен аяқтады. 

Маннарино енді америкалық Маккензи Макдональдпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Алаң иесі Александр Бубликті қапы қалдырған Макдональд екі сағат шамасында созылған ойында wildcardиегері Андреас Сеппиді 3-6, 6-3, 6-3 есебімен мықты болды. Әлемдік рейтингтің 57 сатысына көтерілген Макдональд бірінші сетте 3-6 есебімен жеңілген болатын. Бірақ қалған екі сетте жолы болды.   

Жұптық сын  (1-РАУНД )

[1] Сандер Гилл (Бельгия) / Йоран Влиген (Бельгия) - [PR] Маккензи Макдональд (АҚШ) / Томми Пол (АҚШ) 6-4,6-4

Джонатан Эрлих (ОМП) / Андрей Василевский (Беларусь) - [WC] Мохамед Сафват (Египет) / Денис Евсеев (Қазақстан) 6-3,6-3

Марсело Аревало (Сальвадор) / Томислав Бркич (Босния және Герцеговина) - Рохан Бопанна (Үндістан) / Фредерик Нильсен (Дания) 6-7(5),7-6(3),10-5

[4] Бен Маклахлан (Жапония) / Франко Скугор (Хорватия) - Матве Мидделкоп (Нидерланды) / Хьюго Нис (Монако) 7-6(4),6-7(8),12-10

Жұптар. Ширекфинал

[2] Макс Перселл (Австралия) / Люк Сэвилл (Австралия) - Люк Бэмбридж (Ұлыбритания) / Дивидж Шаран (Үндістан) 6-3,7-5 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер