Astana Open жартылай финалистері анықталды

31.10.2020    Оқылғаны: 667
Дереккөз:
Автор: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP 250 Astana Open турнирінің жартылай финалына шығу үшін  Эмиль Руусувуоримен шеберлік байқасты. 21 жастағы фин спортшысы жарыстың негізгі кестесіне іріктеу арқылы түскен болатын. Жарыс жолында алдымен тағы бір Қазақстан өкілі Тимофей Скатовты жеңіп, одан кейін австралиялық Джордан Томпсонды қапы қалдырды. 



Михаил Кукушкин турнирде ауыр тиген екі кездесу өткізді: алдымен аргентиналық  Федерико Дельбонисті ұтып, бір күн бұрын өткен екінші матчта Astana Open турнирінің бірінші нөмірлі теннисшісі, бас жүлдеден үміткер  Бенуа Перді үйіне қайтарды.

Михаил Кукушкин ширек финалдың бірінші геймінде тізгінді  Эмиль Руусувуориге беріп қойғанымен, бірінші сетте өзіне сенімді көрінді. Жерлесіміз допты қарсыласына қарсы тұсқа соғып, қарсыласы қателеседі деп күтті. Бірақ Руусувуори барынша жинақы ойнады, қайта Кукушкиннің сәтсіз шыққан ойынға қосылуында тізгінді өзіне тартып, алтыншы геймде брейк жасады. Уысынан шығып бара жатқан жеңісті қайтаруға тырысқан Кукушкин  тәуекелге бел буды, өткір форхендтерді барынша жинақы қайтарды. Ал Руусувориге оның қатты соққылары көмектесті (сағатына 210 км). Алаң иесінің допты ойынға қосулары сәтті шығып, ол сет үшін күресті тоқтатқан жоқ. Бірақ  Эмиль Руусувуори  бір брейкпен алға шығып, бірінші партияны өз пайдасына шешті.

Екінші сетте допты ойынға Михаил Кукушкин қосты. Ол негізінен корттың шетінде ойнады, Қарсыласының жиі қайталанған қателіктерін дер кезінде байқаған фин теннисшісі брейк өткізіп, өз доп беруінде есеп алшақтығын еселей түсті. 

Үшінші гейм үшін талас Руусувуоридің еншісіне жазылды. Геймдегі  0:4 есебінде Кукушкин бірінен кейін бірі келген брейкпоинттарды қайтарып, есеп айырмасына өзгеріс енгізген еді. Михаил қарсыласын ұзақ ойынға көшуге мәжбүрледі, Руусувуоридің допты ойынға қосқан геймінде допты сыртқа шығару әдісін ұтымды пайдаланып кетті. Бірақ бұл кездесуде Финляндия өкілі шабуылдан қарсылық көрсетуге оңай көшіп отырды.  Келесі екі гейм мен Эмиль Руусувуоридің пайдасына жазылды: 6:3, 6:1.

Жартылай финалда Эмиль Руусувуори турнирдің үшінші нөмірі, француз Адриан Маннариномен баын сынайды.
Финал жолдамасын сарапқа салатын екінші ойында Фрэнсис Тьяфу (АҚШ) и Джон Миллман (Австралия) ойнайды.



Беларусияның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 83-сатыда орналасқан Егор Герасимов Astana Open чемпионатының әр-бір матчында тамаша ойын өрнегімен көзге түскен спортшы. Оның Ирди Веселді тізе бүктірген кездесудегі шеберлігіне таң қалмаған жан жоқ. Бірақ оның ширек финалдағы қарсыласы, АҚШ-тан келген  әлемнің 64-ракеткасы Фрэнсис Тиафо оңай берілетін спортшы емес. Қателікке бой алдырмайтын, әр матчта қарсыласын тығырыққа тіреуге тырысатын шебер теннисші. 

Бірінші геймнен екі жақ шабуылға толы ойын көрсетті. Герасимов допты ойынға қосуда әлеуетін арттырып, ойын жылдамдығын арттыруға тырысты. Ал Тиафо қысқа қайырма соққыларымен қарсыласын қапы қалдырды. Екі теннисші де допты ойынға қосуда қателескен жоқ. Сондықтан партия тай брейкпен жалғасып, қысқа есеппен америкалық жеңіске жетті.



 
Бірінші сетте жеңіліс тапқан Герасимов екінші партияның басында қоғалысын үдетіп, брейк иеленді. Тиафу өз кезегінде есеп айырмасын қысқартқысы келді. Алайда геймде ұтылыс тауып, беларус спортшысына кезекті партияда жеңісті беріп қойды.  Егор Герасимовтың жүйкесі сыр берді ме, осы геймнің бірінші сетболында қатарынан екі қателік жасап, сетті тек үшінші әрекетінде алды.

Шешуші сетте екі ойыншы да бабында болды. Фрэнсис Тиафоның соққылары Егор Герасимовты әбден састырды. Беларусь өкілі уақыт өте доптың бағытын дәл тауып отырды, тіпті допты ойынға қосқан сәттен тордың жанында ойнады. Тиафоның допты ойынға қосу әдістері де сәтті шыққанын айту керек. Доп жылдамдығы сағатына 217 км дейін жетті.  Бірақ кезекті допты ойынға қосуда ол қателесіп, гейм қарсыласының есебіне жазылды. Алайда қателігінен сабақ алған АҚШ өкілі брейкке қол жеткізіп, алға ұмтылды. Ал Герасимов таблодағы көрсеткіш 5:6 болған сәтте мүлт кетіп, қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды. Қысқа есеппен бұл матчта  Фрэнсис Тиафоның бағы жанды. Есеп:  7:6 (7:5), 5:7, 7:5.



 
АТР рейтингісінің 59-нөмірі, америкалық Томми Полға турнирдің төртінші нөмірлі теннисшісі, әлемнің 45-ракеткасы, австралиялық Джон Миллман қарсылас атанды. Жанкүйерлер оны осы жылдың басында өткен Australian Open чемпионатындағы Роджер Федерермен өткен кездесуден жақсы таниды. Ол кездесуде Миллманға бар болғаны екі ұпай ғана жетпей, швейцариялық теннисші жеңіске жеткен еді.

Astana Open ширек финалында Томми Пол мен Джон Миллман өздері жақсы машықтанған жылдам, шабуылдаушы теннисті көрсетті. Қарсыластар сақтыққа аса көңіл бөлмей, мықты соққылар жасау арқылы бірін-бірі корттық бір шетінен екінші шетіне жүгіртумен болды. Пол соққылардың қашықтығын қысқартуға тырысқан, бірақ оның бұл әрекеті қосымша ұпай әкелген жоқ.  Америкалықтың допты ойынға қосудағы қателіктері төртінші геймде басталды. Кезекті допты ойынға қосуда ұпай жоғалтқан ол, қайтарма брейк жасап, жағдайды реттегендей болған. Көп ұзамай тағы бір брейктің нәтижесінде Томми Пол алға ұзап кетті. Алайда сетті өз доп беру кезеңінде өз ұпайына аяқтай алмады. Қос теннисші ойынды тай-брейкке дейін жеткізді. Текетіресте өткен бұл бөлімде Томми Пол қарсыласының допты ойынға қосу кезеңінде сетболды жүзеге асырды.



 
Америкалық спортшы екінші сеттің бірінші геймінде көп күш жұмсап қойды. Допты ойынға өзі қосқанымен геймді жеңе алмады. Ал Джон Миллманға партияның бас жағы оңайырақ тиді. Қарсыласы дәл осы бөлімде қателікке көп бой алдырды. Австралиялық теннисші екі брейкті өз пайдасына шешкенімен, Томми Пол қарқынды күшейтіп, партия соңында қарсыласын қуып жетті. Бірақ жеңіске жету үшін бұл жеткіліксіз еді. Миллман екінші әрекетінде сетті өз пайдасына шешті. 

Жан алысып жан беріскен екі сеттен кейін теннисшілер жылдамдықтарын бәсеңдеткен жоқ. Үшінші партияның орта тұсында Томми Пол маңызды брейк жасағанымен, 5-3 есебінде өзі допты ойынға қосып, екі матчболды жүзеге асыра алмады. Миллман әлі де қайсарлық танытып, матчтың тағдыры шешілген тай-брейке жеткізді. Пол 5:0 есебімен алға ұзағанымен, Миллман адам сенгісіз камбэк жасап, турнирдің жартылай финалына берілетін жолдаманы қалтаға басты. Қорытынды есеп: 6:7 (5:7), 6:4, 7:6 (7:5).



Турнирдің бірінші және екінші нөмірі Бенуа Пер мен Миомир Кецманович жарыс жолынан шығып қалғаннан кейін Франция өкілі Адриан Маннарино жеңіске таласатын басты үміткер саналған.  Бірақ бастапқы кездесуінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликті тізе бүктірген америкалық теннисші Маккензи Макдоналдты да есептен щығармау керек еді. Андреас Сеппимен өткен матчта ол, бірінші сетте ойсырата ұтылғанымен бар ерік-жігерін жұдырыққа жинап, жеңісті қарсыластың уысынан жұлып алуға болатынын көрсетті. 

Бүгін Адриан Маннарино қарсыласы Маккензи Макдоналдты өзіне ыңғайлы ойын ырғағына жыққандай болды. Олардың кездесуі өздеріне дейін өткен Миллман мен Полдың кездесуіне қарағанда әлдеқайда сылбыр өткендей әсер қалдырды. Осы көрініс ұзаққа созылған сайын Макдональдтың корттағы жағдайы қиындай түсті. Маннарино болса дәл жасалған комбинациялардың арқасында ұпай сайын ұлғайта түсті. Оның ойынға қосқан добының жылдамдығы бар болғаны сағатына 91 км жетті. Бұл жағдай әрине Маккеензидің қытығына тиді. Ол бірінші сетте тек бір геймді ғана өз пайдасына шеше алды.



Әрине, жанкүйер күткен матч, мұндай болмаса керек. Алайда Адриан Маннариноның матчтағы осы ұстанымы мен машығы оның ерлер арасындағы әлемдік рейтингте 39-сатыда көруіне кедергі болған жоқ.

Сет аралық үзілісте АҚШ теннисші ойын бағытын өзгертетіндей ештеңе ойлап тапқан жоқ. Маннариноның қателігін пайдаға асырып, брейкпоинтты жүзеге асырғанымен, қарсыласы 3;1 есебімен алда болатын. Көп ұзамай америкалық спортшы қысқа соққылар арқылы ұпай санын ұлғайтуға болатынын ұққандай, осы әдісті ұстанды.

Нәтижесінде тағы бір геймді өз пайдасына шешті. Макдональд жеңісті уыстан шығармайтын батырға тән қайсарлық көрсетті. Қарсыласы корттың бір шетінен екінші шетіне доп соңынан жүгіртіп қойғанына қарамастан, матч соңына дейін тырысып бақты. Екінші партияда тізгінді өз қолына алуға тырысқанымен, Адриан Маннариноны қуып жете алмады. Француз теннисшісі 6:1, 6:4 есебімен жарыстың жартылай финалына шықты.

Aлғаш рет өтіп жатқан  ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс жанкүйерсіз өтіп жатыр, Матчтардың барлық трансляциясы QAZSPORT арнасы арқылы таратылады.

ATP 250 «Astana Open» турнирінің бас демеушісі мәртебесінде Beeline компаниясы қатысады. Демеушілер: Forte Bank және Mastercard.
Серіктестер: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы, Terra Motors, Jaguar және Land Rover, Тeсhnodom, Aqua Rossa, Technogym, Нead, ASU.
Ақпараттық серіктестер: Qazaqstan, Qazsport, Setanta, Zakon.kz, Informburo, 31-арна, Forbes.kz, Business FM.
 
Қазақстан теннис федерациясы
 





 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер