Шведова Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды
Қазақстандық Ярослава Шведова Мексиканың Поза Рико қаласындағы ІТF додасында жеңіске жетті.
Аталмыш жарыстың ақтық сынында Ярослава апта бұрынғы қателіқтерін қайталамай,бұл жолы пуэрто-риколық Моники Пюигті 6:1, 6:2 ұпайымен ұтты.
Турнир барысында Ярослава Шведова ½ финалында словакиялық Яна Цепелованы жеңсе, ширек финалда сербиялық Александра Круничті үйіне қайтарды.Сондай-ақ,ол сайыстың екінші айналымында ресейлік Марина Шамаконы(7:5,7:5), алғашқы айналымда колумбиялық Карен Кастибланконы сан соқтырды.Есеп-6:0,6:1.
Айта кетейік, өткен аптада жерлесіміз Ирапуато (Мексика) қаласында сыйлық қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын ITF сериясы бойынша өткен турнирдің ақтық финалына шыққан болатын.
Енді қазақстандық спортшы АҚШ-тың Майами қаласында өтетін халықаралық WTA Sony Ericsson Open сайысына қатысады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























