Жеңісті жол жалғасуда
Қазақстандық Ярослава Шведова Мексиканың Поза Рико қаласында өтіп жатқан халықаралық жарысқа қатысуда. Жарыстың жүлде қоры 25 мың ақш долларын құрайды.
Кеше турнирдің екінші ракетасы Ярослава Шведова сайыстың екінші айналымында ресейлік Марина Шамаконы екі сетте 7:5,7:5 есебімен ұтып,ширек финалға шықты.
Одан бұрын жерлесіміз алғашқы раундта колумбиялық Карен Кастибланканы сан соқтырған болатын.
Енді Яра жартылай финал жолдамасын сербиялық Александра Круничпен сарапқа салады.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші одан бұрын Мексиканың Ирапуато қаласында өткен халықаралық жарысына қатысып,ақтық сынға дейін жеткен болатын.
Халықаралық рейтингінің көрсеткіші бойынша,жерлесіміз дүбірлі жарысты екінші кезеңнен бастаған болатын.Турнирдің екінші айналымында қазақстандық жас спортшы АҚШ-тың теннисшісі Катрин Изабель Стефенсонмен жолы түйісті. Оны жерлесіміз екі сетте 6:4, 6:2 есебімен оңай жеңді. Үшінші айналымда біздің теннисші аргентиналық Виктория Боскаға қарсы алаңға шығып,оны да екі сетте 6:2,6:2 ұпайымен қапы қалдырды.
Ақтық сынға жолдама алу үшін отандасымыз АҚШ елінен келген Шалина Шольмен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі