Жарыс эстафетасы жалғасуда

25.02.2012    Оқылғаны: 7284
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
  Мексикада өтіп жатқан дүбірлі жарыста қазақстандық Ярослава Шведова екінші айналымда  Люксембург елінен келген Мэнди Минеллаға ұтылған болатын.
  
Ойынның басында қазақстандық теннисші  3-6 есебімен Минеллаға бірінші сетті ұстатты.Ал екінші кезеңде  Шведова 3-0 есебімен ұтылып жатып, ақыры екінші сетті тай брейкке жеткізді. Ақыры  7:6 есебімен  екінші партияны  өз пайдасына шешті. Шешуші үшінші сетте Шведова 4:2 есебімен алдыға шыққанымен, оның қарсыласы қателіктерге бой алдырмай,қатарынан 4 геймді өз қоржынына салып, ойында  жеңіске жетті. 
 
Еске сала кетейік, Шведова жарыстың алғашқы кезеңінде өзінің отандасы Сесиль Каратанчеваны тізерлеткен болатын.
 
  Сондай-ақ,АҚШ-тың Мемфис қаласында WTA сериясына кіретін жарысында қазақстандық Ксения Первак екінші айналымда сүрінді.
 
  Ол жарыстың екінші айналымында екі сетте 6:7,2:6 есебімен итальяндық Алберто Бриантиге жеңілген болатын. Ал біздің жас спортшымыз Анна Данилинада Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық жарысында ұтылған болатын. Ол екінші айналымда  Германияда келген Аннике Бекке  екі сетте 1:6,6:7 есебімен ұтылды.

  Ал  жігіттеріміз болса халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуде. Германияның «челенджер» сериясына кіретін жарысында қазақстандық Евгений Королев жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда  турнирдің бірінші ракеткасы Томас Шурелды тартысты  үш сетте 5:7, 6:4, 6:3 қапы қалдырды. Королевтың жартылай финалдағы қарсыласы Джерси Янович болмақ.
 
   Ал осы уақытта, Дубайда АТР серисына кіретін «Dubai Duty Free Tennis Championships» халықаралық жарысы басталып кетті. Іріктеу турнирінің алғашқы айналымында қос қазақстандық Юрий Щукинмен Андрей Голубев  бір-бірімен  кездескен болатын.
 
 Жарыстың алғашқы іріктеу ойындарында Голубев отандасы Юрий Щукинды екі сетте 6:1,6:2 есебімен  сан соқтырды. Енді іріктеу жарысының екінші айналымында Голубев Тунис елінен келген Малик Джазиримен алаңға шығатын болады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер