Шведова мен Воскобоева Монреаль қаласында ашық жаттығу өткізді

18.04.2017    Оқылғаны: 2045
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Жақын уақытта өтетін Федерация Кубогының аясында теннистен Қазақстан Ұлттық әйелдер құрамасының мүшелері Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова Монреаль қаласындағы Uniprix Stadium кортында ашық жаттығу өткізді.
 
* Біздің теннисшілердің дайындық деңгейі өте жоғары. Монреаль қаласына ертерек ұшып келдік, өйткені бастысы ауа-райы мен сағаттық белдеуге тез бейімделу, сонымен қатар негізгі матчтар өтетін кортта жаттығу. Негізгі корт тек қана ертең дайын болады. Барлығы ойдағыдай өтуде. Оңай ойын болмайтыны анық. Канада теннисшілерінің рейтингісі жоғары болмағанмен, біз ойынға дайынбыз, және Федерация Кубогының Әлемдік тобына өту мүмкіндігін өткізбеуге тырысамыз, - деді Диас Досқараев.
 
* Біздің жеңіске жетуімізге үлкен мүмкіндігіміз бар, алайда Федерация Кубогының матчтары оңай болмайды, себебі біз өз мемлекетіміздің атынан ойнаймыз. Ал, Канада командасы лайықты қарсылас, - деп қосты Ярослава Шведова.
 
- Көңіл-күйіміз жақсы. Мүмкін, Канада командасының ойыншылары жас және рейтингісі біздікінен төмен болғандықтан, әлсіз қарсылас болып көрінуі мүмкін, бірақ біз матчқа жақсылап дайындалудамыз, - деді Галина Воскобоева
 
Қазақстан командасының соңғы құрамы анықталған - Юлия Путинцева (WTA рейтингісі -31), Ярослава Шведова (WTA рейтингісі-51), Галина Воскобоева (WTA рейтингісі-268), Камила Керимбаева (WTA рейтингісі-362). Матч хард корта өтеді.
 
Айта кетейік, теннистен Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы 22-23 сәуірде Монреаль қаласында Канада командасымен Федерация Кубогының Әлемдік тобына шығуға бәсекеге түседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер