Шведова және Воскобоева «Australian Open» турнирінің екінші айналымында
Ярослава Шведова және Галина Воскобоева «Australian Open» жарысының екінші айналымына шықты.
Бәсекенің алғашқы ойынында Ярослава Шведова американдық Вания Кингпен бірге Қытай -тайпей жұбы Кван Вангпен Варачая Вонгтенчай жұбын екі сетте 7:6, 6:4 есебімен ұтты. Енді келесі айналымда Шведова/Кинг жұбы Данка Ковинич (Черногория)/Лаура Зигмунд (Германия) жұбымен кездеседі.

Ал қазақстандық Галина Воскобоева чехиялық Барбора Крейчиковамен бірге турнирдің бірінші айналымында аргентиналық Мария Ирогойенды туркиялық Ипек Соулуны үш сетте 6:4, 4:6, 6:4 қапы қалдырды.
Екінші айналымда Воскобоева/Крейчикова жұбыАнна-Лена Гренфельд (Германия)/Квета Пешке (Чехия) жұбымен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі