Australian open. Дияс пен Шведова екінші айналымға шықты
Қазақстандық Ярослава Шведова мен Зарина Дияс Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралияның теннис бойынша ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда польшалық Урсула Радваньсканы үш сетте 3:6,6:4,6:2 есебімен ұтты. Жарыстың келесі айналымында Зарина Дияс словакиялық теннисші Анна Шмидловамен кездеседі.

Алғашқы айналымда Ярослава Шведова жарыстың 16-шы ракеткасы, Чехия спортшысы Люси Шаваржовамен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:4, 2:6, 8:6 есебімен Шафаржовадан басым түсті.
Келесі айналымда ол Пуэрто-Рико спортшысы Моника Пуигпен алаңға шығады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі