Almaty Open: жұптық сында алғашқы финалистер анықталды

23.10.2026    Оқылғаны: 256
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінде жұптық сайыстың кезекті матчтары аяқталды. Нәтижесінде австриялық Лукас Мидлер мен Нил Оберляйтнер жартылай финалға жолдама алса, Юки Бхамбри мен Райан Сеггерман финалға шықты.

Ширек финалда турнирдің бірінші нөмірлі жұбы Лукас Мидлер мен Нил Оберляйтнер Даниэль Цукерман және Фернандо Ромболимен кездесті. Тартысты өткен матч австриялық теннисшілердің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:4, 7:6 (7:4).

Мидлер мен Оберляйтнердің жеңіске жетуіне допты ойынға сәтті қосуы маңызды рөл атқарды. Олар алғашқы сервистегі ұпайлардың 93 пайызын жеңіп, 11 эйс орындады және небәрі бір қос қателік жіберді. Екінші сетте қарсыластары табанды қарсылық көрсетіп, ойынды тай-брейкке дейін жеткізді. Алайда шешуші сәттерде австриялық жұп басымдық танытып, жартылай финалға жолдама алды.

Ал жартылай финалдық кездесуде Юки Бхамбри мен Райан Сеггерман Натаниэль Ламмонс пен Джексон Уитроуды тартысты үш сетте жеңді – 3:6, 7:6 (7:5), [10:6].

Матчтың алғашқы сетінде Ламмонс пен Уитроу 6:3 есебімен басым түсті. Алайда екінші партияда Бхамбри мен Сеггерман ойын тізгінін өз қолдарына алып, тай-брейкте жеңіске жетті және сеттер бойынша есепті теңестірді.

Финал жолдамасының тағдыры чемпиондық тай-брейкте шешілді. Маңызды сәттерде сенімді ойын көрсеткен Бхамбри мен Сеггерман 10:6 есебімен жеңіске жетті. Кездесу барысында жеңімпаз жұп 12 эйс орындады.

Осылайша, Юки Бхамбри мен Райан Сеггерман Almaty Open ATP 250 турнирінің жұптық сайысында финалға шыққан алғашқы жұп атанды. Ал Лукас Мидлер мен Нил Оберляйтнер шешуші кездесуге жолдама алу үшін жартылай финалда бақ сынайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер