Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

23.10.2026    Оқылғаны: 272
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Турнирдің бірінші ракеткасы Даниил Медведев Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open жарысының ширек финалында сенімді жеңіске жетті.

23 қазанда өткен жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде әлемнің бесінші ракеткасы ATP рейтингінде 98-орында тұрған франциялық Теренс Атманмен кездесті. Матч Медведевтің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:4, 6:4.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Медведев бес эйс орындап, үш қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Сонымен қатар, ол қарсыласына бірде-бір брейк-пойнт жасауға мүмкіндік берген жоқ.

Бірінші сетте Медведев қарсыласының сервисін бір рет бұзып, партияны 6:4 есебімен аяқтады. Екінші сетте де ол бір брейк жасап, кездесуді дәл осындай есеппен жеңіспен түйіндеді.

Осылайша, Даниил Медведев Almaty Open турниріндегі сәтті өнерін жалғастырып, жартылай финалға шықты. Оның келесі кезеңдегі қарсыласы басқа ширек финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша анықталады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер