
Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы Samsun Open турнирінің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда Құламбаева мен оның жұптасы, хорватиялық Люция Чирич-Багарич швейцариялық Наима Карамо́ко мен германиялық Нома Ноха Акугені 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.
Турнирде төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланып, қарсыластарының үш брейк-пойнтының екеуін қайтарды.
Финалға шығу үшін Құламбаева мен Чирич-Багарич бірінші нөмірмен тіркелген Елена Приданкина және Анастасия Тихоновамен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























