Елена Рыбакина US Open жартылай финалына шықты және әлемдік рейтингте көш бастады

09.09.2026    Оқылғаны: 363
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шығу үшін өткен кездесуде әлемнің 121-ракеткасы, Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Еленаның 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер хард кортта 2 сағат минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бес қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Елена «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл кезеңде ол ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Коко Гауфф арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Рыбакина әлемдік рейтингтегі бірінші орынды өзіне қамтамасыз етті. Қарсыластарының матчтары қалай аяқталғанына қарамастан, қазақстандық теннисші US Open аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің көшін бастайды. Рейтингтің жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер