Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде жеңісті жолын жалғастырды

06.09.2026    Оқылғаны: 422
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» санатындағы турнир — АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші US Open турнирінің үшінші айналымында әлемнің 58-ракеткасы, украиналық Юлия Стародубцевамен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 7:6 (8:6), 6:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер хард кортта 1 сағат 53 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 12 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалға шығу үшін Елена әлемдік рейтингте 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер