Almaty Open ATP 250 турниріне БАҚ аккредитациясы ашылды

04.09.2026    Оқылғаны: 417
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Almaty Open ATP 250 халықаралық турниріне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу басталғанын хабарлайды.

Аккредитацияға өтінімдер 2026 жылғы 4 қыркүйек пен 9 қазан аралығында қабылданады. Өтінім беру үшін БАҚ өкілдері арнайы Google формасын толтыруы қажет. Сондай-ақ аккредитациялық бейджді рәсімдеу үшін сауалнамада фотосуретке сілтемені көрсету қажет.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfTeeFO2GXY2plpxSRhc5-bmA-sGdtyslX6ZsRlVDxW2Xdgcg/viewform

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: жарыс залында матчтар мен сұхбаттарды жаңалықтар форматы үшін видеоға түсіруге тыйым салынады! Турнир қатысушыларымен сұхбаттарды тек матчтан кейінгі баспасөз конференцияларында өткізуге рұқсат етіледі. Бейнематериалдар сұраныс бойынша ұйымдастыру комитеті тарапынан ұсынылады.

Сұхбаттарға, ресми пікірлерге және түсірілімдер ұйымдастыруға қатысты сұрақтарды z.kussanova@ktf.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

·       Белгіленген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер, сондай-ақ жарнама және букмекерлік компаниялар өкілдерінің өтінімдері қабылданбайды;

·       Турнирдің ұйымдастыру комитеті себебін түсіндірместен аккредитациядан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

9 қазаннан кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды. Аккредитацияның расталғаны туралы ақпарат өтінімдерді қабылдау және өңдеу аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне жіберіледі.

Almaty Open ATP 250 турнирі 2026 жылғы 17–25 қазан аралығында Алматыда өтеді. ATP 250 санатындағы жарыс Қазақстанда әлемдік турдың танымал теннисшілерін жинайды.

Турнирге қатысуға өтінім берген ойыншылар қатарында Қазақстан теннисінің көшбасшысы Александр Бублик, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы және US Open чемпионы Даниил Медведев, Олимпиада жүлдегері әрі ATP турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы Карен Хачанов, сондай-ақ Александр Шевченко, Лучано Дардери, Томаш Махач және Фабиан Марожан бар.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер