Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады

02.09.2026    Оқылғаны: 274
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы маусымның соңғы турнирі — АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина бірінші айналымда WTA рейтингінде 585-орында тұрған америкалық Тея Фродинмен кездесті. АҚШ өкілі турнирдің негізгі кезеңіне ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуы — wild card арқылы қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:3, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 14 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы алты эйс жасап, үш қосарланған қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

US Open турнирінің екінші айналымында Рыбакина испаниялық Джессика Бузас Манейромен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер