«Дэвис кубогы»: Қазақстан – Таиланд матчына БАҚ өкілдерін аккредитациялау басталды
18–19 қыркүйек күндері Астана қаласындағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында «Дэвис кубогы» командалық әлем чемпионатының II Әлемдік тобының іріктеу матчы өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы I Әлемдік топқа шығу үшін Таиланд құрамасымен сынға түседі.
Матч бес кездесуден тұрады: төрт жекелей және бір жұптық кездесу. БАҚ өкілдерін осы маңызды спорттық оқиғаны ақпараттық тұрғыда қолдауға шақырамыз.
АККРЕДИТАЦИЯ ТӘРТІБІ:
Google формасын толтырып, барлық сұрақтарға толық жауап беру және фотосуретке сілтемені тіркеу қажет:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdBnzcZd06jXAf2QJL5GBWUVzJVZFfFCfIIus64sL0we0N14Q/viewform?usp=header
Өтінімдер 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін қатаң түрде қабылданады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
Аккредитациялық бейдждерді 17–19 қыркүйек аралығында Ұлттық теннис орталығындағы аккредитация орталығынан алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет.
Матчтардың кестесі мен командалардың құрамы кейінірек жарияланады.

- Белгіленген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер, сондай-ақ жарнама және букмекерлік агенттіктерден келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
- Ұйымдастыру комитеті аккредитация беруден себептерін түсіндірместен бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Аккредитациялық бейдждерді 17–19 қыркүйек аралығында Ұлттық теннис орталығындағы аккредитация орталығынан алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет.
Матчтардың кестесі мен командалардың құрамы кейінірек жарияланады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.