Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында Ига Швентекке есе жіберді

14.08.2026    Оқылғаны: 116
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы хард турнирінің финалында жеңіліс тапты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен өнер көрсеткен қазақстандық теннисші финалда әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 2:6, 3:6 есебімен жеңілуімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді.

Айта кетейік, Рыбакина мансабында алғаш рет Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұған дейін оның бұл жарыстағы ең үздік нәтижесі ширек финал болатын. Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі қоржынына қосымша ұпай қосады.

Елена Рыбакина келесі кезекте АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирде бақ сынайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер