Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13.08.2026    Оқылғаны: 130
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Үш сетке созылған матч Рыбакинаның 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 2 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді және 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің жетінші ракеткасы польшалық Ига Швентекпен кездеседі. Швентек жартылай финалдағы кездесуінде әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған украиналық Элина Свитолинаны жеңді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер