Елена Рыбакина Торонтода үшінші айналымнан сәтті өтті

07.08.2026    Оқылғаны: 239
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы америкалық Энн Лимен кездесті.

Екі сетке созылған матч қазақстандық теннисшінің 6:2, 7:5 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 28 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена екі эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалға шығу үшін Рыбакина австралиялық Майя Джойнт пен Людмила Самсонова арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер