Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

06.08.2026    Оқылғаны: 178
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші әлемнің 61-ракеткасы, Австралия өкілі Дарья Касаткинамен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Кездесу 2 сағат 35 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Елена 15 эйс жасап, 16 қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 31-орында тұрған америкалық Энн Лимен кездеседі. Бұл матч 7 тамыз күні өтеді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер