
Александр Бублик Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі сеяны болған қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама үшін әлемнің 81-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Бубликтің 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 9 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 12 эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Финал жолдамасы үшін Александр Бублик әлемдік рейтингте 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























