Тимофей Скатов ATP 250 турнирін жеңіспен бастады

21.07.2026    Оқылғаны: 260
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 163-орында тұрған және негізгі кезеңге lucky loser (басқа қатысушының жарыстан бас тартуына байланысты) мәртебесімен өткен спортшы алғашқы айналымда әлемнің 98-ракеткасы, нидерландтық Йеспер де Йонгпен кездесті.

Кездесу үш сетке созылып, Скатовтың ерік-жігерінің арқасында 1:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 29 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Тимофей бірде-бір эйс жасаған жоқ, үш рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Тимофей Скатов Португалиядағы турнирдің екінші айналымына жолдама алып, онда әлемнің 14-ракеткасы әрі турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы, ресейлік Андрей Рублевке қарсы ойнайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер