Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің финалында өнер көрсетті

19.07.2026    Оқылғаны: 111
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің финалында жеңіліс тапты.

Армениялық Алина Чараевамен жұптасқан қазақстандық финалда жарыстың үшінші нөмірлі жұбы – чехиялық Анастасия Детюк пен ресейлік Ирина Хромачевамен кездесті.

Матч екі сетке созылып, чемпиондық тай-брейкте Жібек пен Алинаның жеңілісімен аяқталды – 6:4, 2:6, 5:10.

Теннисшілер кортта 1 сағат 30 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Құламбаева мен оның жұбы эйс жасаған жоқ, бір қос қателік жіберіп, бес брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, 26 жастағы Жібек Құламбаева өз мансабында алғаш рет WTA санатындағы турнирдің финалына шықты. Сонымен қатар ол рейтингке қосымша ұпайлар еншілеп, жаңартылған әлемдік рейтингте 38 сатыға жоғарылайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер