Александр Бублик Швейцариядағы турнирді екінші айналымда аяқтады

17.07.2026    Оқылғаны: 113
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіліс тапты.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 90-ракеткасы, франциялық Кентен Галимен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Бубликтің 7:6 (7:4), 4:6, 6:7 (5:7) есебімен жеңілуімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 13 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және өзі иеленген екі брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.

Осылайша, қазақстандық теннисші Гштаадтағы турнирдегі өнерін аяқтап, өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер