
Юлия Путинцева WTA 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті.
Әлемдік рейтингте 82-орында тұрған және жарыстың тоғызыншы нөмірлі сеяны атанған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 118-ракеткасы армениялық Алина Чараевамен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Путинцеваның 6:3, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 35 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Юлия үш эйс жасап, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Путинцева турнирдің ширек финалына жолдама алып, енді мысырлық Майар Шериф пен испаниялық Кетлин Кеведо арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
























