
Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің төртінші айналымында жеңілді
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдондағы «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымында жеңіліс тапты.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың 10-нөмірлі сеянныйы атанған қазақстандық теннисші әлемнің жетінші ракеткасы, турнирдің алтыншы нөмірлі сеянныйы америкалық Тейлор Фрицпен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Бубликтің 6:7 (1:7), 4:6, 4:6 есебімен жеңілісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 41 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 13 эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және иеленген үш брейк-пойнттың біреуін ғана сәтті пайдаланды.
Осылайша, Қазақстанның үздік теннисшісі шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына бір қадам қалғанда тоқтады. Сонымен қатар, Бублик Уимблдон-2026 турнирінің төртінші айналымына шыққаны үшін рейтинг қоржынына қосымша ұпайлар қосты.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
























