Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирін жеңіспен бастады

05.07.2026    Оқылғаны: 304
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

18 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті.

Турнирдің сегізінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандықтың алғашқы қарсыласы словакиялық Леон Слобода болды. Үш сетке созылған матчта Заңғар 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:2) есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 2 сағат 28 минут өткізді. Осылайша, Нұрланұлы шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде аустралиялық Дэниел Жовановскимен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер