Александр Бублик Уимблдонның жұптық сынындағы жарысты аяқтады

01.07.2026    Оқылғаны: 251
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдондағы «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жұптық сынының алғашқы айналымында өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші аустралиялық Ник Кирьоспен жұпта ойнауда. Олардың жұбы ұйымдастырушылардан wild card (арнайы шақырту) алды. Алғашқы айналымдағы қарсыластары жарыстың алтыншы нөмірлі жұбы – сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич болды.

Кездесу екі сетке созылып, Бублик пен Кирьос 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Теннисшілер кортта 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр мен оның жұбы алты эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және бір брейк-пойнт мүмкіндігін пайдалана алмады.

Осылайша, Александр Бублик Уимблдонның жұптық сынындағы жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Дегенмен, Қазақстанның бірінші ракеткасы жекелей сындағы өнерін жалғастырып, үшінші айналымға шығу үшін күреседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер