Астанада 10 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстан өңірлерінің қорытынды кубогының жеңімпаздары анықталды

27.06.2026    Оқылғаны: 429
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Елордадағы «Дәулет» теннис орталығында 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан өңірлерінің қорытынды кубогы мәресіне жетті. 22–25 маусым аралығында ұйымдастырылған командалық жарысқа еліміздің үздік жас теннисшілері қатысты.

Ұлдар арасындағы бәсекеде Астана қаласының өкілдері Салғара Қахар, Байділла Эмирали, Кенжеғали Заңғар, Қарағандыдан Жүнісов Әмірәли, Көкшетаудан Бақыт Дінмұхамед және Ашуов Алидар өнер көрсеткен «Солтүстік» құрамасы чемпион атанды. Команданың капитаны – Бауыржан Мұқашев. Екінші орынды «Батыс», үшінші орынды «Шығыс» құрамасы иеленді.

Қыздар арасында да «Солтүстік» құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Команда сапында Алиша Мырзағали (Астана), Джалила Біржанова (Қарағанды), Каролина Лемко (Қарағанды), Самийя Малик (Астана), Фариза Ерболова (Қарағанды) және Ханым Соқова (Астана) өнер көрсетті. Команданың капитаны – Григорий Рейтман. Күміс жүлдені «Шығыс» құрамасы, қола жүлдені «Батыс» құрамасы жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте «Солтүстік» өңірі жеңіске жетті. Екінші орынды «Батыс», үшінші орынды «Шығыс» өңірі иеленді.

Қазақстан өңірлерінің қорытынды кубогы дәстүрлі түрде еліміздің ең мықты жас теннисшілері арасындағы командалық жарыстар маусымын қорытындылап, 10 жасқа дейінгі санаттағы ең үздік өңірді анықтайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер