
Александр Бублик Галледегі ATP 500 турнирінің алғашқы кездесуінде ұтылды
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы үздік теннисшісі Александр Бублик Галледе өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліске ұшырады.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың 7-ракеткасы атанған қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы кездесуінде әлемнің 74-ракеткасы, италиялық Маттиа Беллуччимен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Бубликтің 6:7 (6:8), 1:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 17 минут өткізді. Осы уақыт аралығында Александр алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және екі брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Александр Бублик Галледегі турнирдегі өнерін алғашқы айналымда аяқтады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























