
Елена Рыбакина Лондондағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандық теннисшінің қарсыласы әлемнің 52-ракеткасы, германиялық Татьяна Мария болды.
Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 6:7 (4:7), 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Матч 2 сағат 12 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Елена сегіз эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және брейк-пойнтқа берілген 13 мүмкіндіктің бесеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалда Рыбакина Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездеседі. Бултер өз кезегінде параллель өткен матчта румыниялық Жаклин Кристианнан басым түсті.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.























