
Анна Данилина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы грунт турнирінде сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда. Екінші айналымда отандасымыз америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге Италия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін тартысты матч өткізді.
Қазақстан-АҚШ тандеміне Ирина Хромачева (Ресей) мен Джулиана Олмос (Мексика) жұбы қарсы тұрды. 1 сағат 47 минутқа созылған кездесуде Данилина мен Мухаммад нағыз мінез көрсетіп, 3:6, 7:5, 10:7 есебімен жеңіске жетті. Бірінші сетте есе жібергенімен, олар ойын тізгінін қолға алып, шешуші тай-брейкте жеңісті жұлып алды.
Кездесу барысында Анна мен Эйжа жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланып, үш рет қос қателік жіберді (қарсыластарда – төрт қателік).
Олардың ширек финалдағы қарсыластары бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша анықталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























