Елена Рыбакина Мадридте Олимпиада чемпионын қапы қалдырды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі жорығын сәтті жалғастыруда. Доданың үшінші айналымында отандасымыз қазіргі Олимпиада чемпионы, қытайлық Чжэн Циньвэньнен басым түсті.
Корттағы тартыс 2 сағат 23 минутқа созылды. Кездесудің алғашқы сетінде «Аспан асты» елінің өкілі брейк жасап, басымдықты өз қолында ұстады. Алайда келесі партияларда Рыбакина ойын ырғағын қалыпқа келтіріп, бірінші соққының дәлдігін арттырды және қателіктерді барынша азайтты. Еленаның 7 эйс жасауы шешуші сәттерде басты артықшылыққа айналды.
Есеп – 4:6, 6:4, 6:3.
Мадридтегі «мыңдық» турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы Анастасия Потапова (Австрия, №56 WTA) мен Елена Остапенко (Латвия, №40 WTA) арасындағы бәсекеде басым түскен теннисшімен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.