Тимофей Скатов Шымкенттегі финалда Сергей Фоминге жол берді
Шымкенттегі алғашқы ATP Challenger 50 турнирі өз мәресіне жетті. Жеке сынның финалында жарыстың бірінші ракеткасы, қазақстандық Тимофей Скатов (№198 ATP) өзбекстандық Сергей Фоминнен (№359 ATP) жеңіліп қалды.
Бірінші партияда Фомин корттың артқы сызығындағы сенімді ойынының арқасында басымдық танытып, сетті 6:3 есебімен аяқтады. Екінші кезеңде Скатов таразы басын теңестіруге тырысты. Ойын 5:5 есебіне дейін тең дәрежеде өрбігенімен, соңғы геймдерде 25 жастағы өзбекстандық спортшы ширақ қимылдап, жеңісті иеленді – 7:5.
Осылайша, 2021 жылғы Универсиаданың қола жүлдегері Сергей Фомин мансабындағы екінші ATP Challenger титулын жеңіп алды.
Шымкенттегі теннис мерекесі жалғасады: ертең қалада екінші ATP Challenger 50 турнирі басталып, 3 мамырға дейін созылады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.