Шымкенттегі ATP Challenger турнирінің жұптық сынында германиялық дуэт топ жарды

25.04.2026    Оқылғаны: 1031
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Шымкентте өтіп жатқан ATP Challenger 50 сериясындағы турнирдің жұптық сыны мәресіне жетті. Германиялық теннисшілер Макс Вискандт пен Макс Ханс Реберг жарыс жеңімпазы атанды.

Шешуші кездесуде неміс тандемі Дали Бланш (АҚШ) пен Святослав Гулин (Ресей) жұбымен кездесті. Вискандт пен Реберг бірінші сетті сенімді өткізіп, басымдық танытты – 6:1. Екінші партияда ойын тартысты өріс алып, қарсыластар есепті теңестіре алды – 5:7. Турнир тағдыры шешуші супертай-брейкте шешіліп, онда германиялық спортшылар ширақ қимылдап, жеңісті иеленді – 10:6.

Турнир бағдарламасы бойынша келесі кезекте жеке сынның финалы өтеді. Жарыстың бірінші ракеткасы, қазақстандық Тимофей Скатов (№198 ATP) бас жүлде үшін Өзбекстан өкілі Сергей Фоминмен (№359 ATP) бақ сынасады.

Финалдық матч Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер