Денис Евсеев Шымкенттегі турнирдің жартылай финалына шыққан екінші қазақстандық атанды

23.04.2026    Оқылғаны: 326
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Тимофей Скатовтың жетістігін қайталап, Шымкентте өтіп жатқан ATP Challenger 50 додасының жартылай финалына жолдама алды. Осылайша, отандық жанкүйерлер турнирдің жекелей және жұптық сындарында да өз өкілдеріне жанкүйерлік ете алады.

Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде ұлттық құрама мүшесі молдовалық Раду Алботпен (№453 ATP) бірге Эрги Киркин (Түркия) мен Андрей Недич (Босния және Герцеговина) жұбына қарсы кортқа шықты.

Ойын оңайға соққан жоқ: алғашқы сетте басымдық танытқан қазақстандық-молдовалық тандем екінші партияда қарсыластарына есе жіберіп алды. Кездесу тағдыры шешуші супер тай-брейкте анықталды. Ойынның шешуші сәттерінде Евсеев пен Албот салқынқандылық танытып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 6:4, 2:6, 10:8.

Енді жартылай финалда Евсеев пен Албот жұбы Дали Бланш (АҚШ) және Святослав Гулин (Ресей) дуэтімен кездеседі. Соңғылары ширек финалда Никита Белозерцев (Өзбекстан) пен Алексей Крутых (Украина) жұбынан басым түскен болатын.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер