Шымкент корттарында теннистің жас жұлдыздары мен майталмандары бас қосады
Әлемдік медиа «Ролан Гарростың» фавориттерін қызу талқылап жатқанда, Қазақстандағы теннис өмірінің басты назары Шымкентке ауды. Мұнда 19 сәуір күні ATP Challenger 50 сериясының турнирлері бастау алады. Бұл дода – талай саңлақтың әлемдік элитаға жол тартар алдындағы шешуші белесіне айналған бірегей жарыс.
Шымкенттегі Challenger сериясының тарихы терең. 2017 жылы негізі қаланғаннан бері бұл турнир әлемдік теннис картасындағы маңызды нүктеге айналды. Осы уақыт ішінде Шымкент корттарында кейіннен әлемді мойындатқан ондаған ойыншы бақ сынады. Мәселен, мұнда кезінде литвалық Ричардас Беранкис пен кейіннен әлемдік рейтингтің үздік 50-іне кірген германиялық Янник Ханфманн жеңімпаз атанған еді. Ал 2019 жыл турнир шежіресінде ерекше қалды: сол жылы словакиялық Андрей Мартин қайталанбас рекорд орнатып, бір маусымда қатарынан екі титулды жеңіп алды.
Биылғы маусымның деңгейі де өте жоғары. Шымкент корттарына әлемнің 25 елінен өкілдер келеді, бұл турнирді нағыз халықаралық теннис хабына айналдырып отыр. Мұнда жас таланттар қажетті тәжірибе жинаса, кәсіби шеберлер жарақаттан немесе тоқыраудан кейін элитаға қайта оралуға мүмкіндік алады. Бүгінгі әлемдік рейтингтің көшбасшылары Янник Синнер мен Карлос Алькарас үшін дәл осы санаттағы турнирлер кезінде мансап трамплині болған еді. Бүгінде Шымкент осы маңызды миссияны жалғастырып, амбициясы асқақ жастар мен тәжірибелі майталмандардың басын қосуда.
.jpg)
Дәл осындай жеңісті жолдар қазақстандық теннисшілердің жаңа буынын тәрбиелеуге негіз болады. Шымкенттегі дода қарсаңында жанкүйерлердің назары Түркістанға аууының да символикалық мәні бар. Онда қазақ теннисінің жарық жұлдызы, ITF Juniors әлемдік рейтингінің үздік ондығына кіретін Заңғар Нұрланұлы арнайы сапармен барды.
Заңғар үшін бұл сапар – өзінен кейінгі кішкентай спортшыларға шабыт сыйлау мүмкіндігі. Ол балаларға шеберлік сабағын өткізіп, кәсіби теннисшімен бір кортта жұмыс істеудің қыр-сырын көрсетті және ойын техникасы бойынша құнды кеңестерімен бөлісті.
«Балалармен араласып, олардың шынайы қуанышын көргеніме өте ризамын. Туған жерім Түркістанда жиі болудың сәті түсе бермейді, сондықтан мұндай сәттер мен үшін өте қымбат. Бұл маған Шымкенттегі турнир алдында қосымша мотивация мен шабыт береді», – деді Заңғар Нұрланұлы.
.jpg.png)
Тәжірибелі теннисшілер де Шымкент додасының маңыздылығын жоғары бағалайды. Осы корттарда талай жеңістің дәмін татқан Денис Евсеев мұндай жарыстарды кәсіби ұзақ ғұмырдың іргетасы деп санайды:
«Шымкенттегі өз үйімізде өтетін турнирлер ерекше энергия береді. Ойыншылар дәл осы жерде тұрақтылықты қалыптастырып, кейін ATP негізгі турына нық сеніммен шығады».
.jpg)
Неліктен бұл турнирді жіберіп алмау керек
Шымкенттік Challenger – асқақ арман, мол тәжірибе мен шеберлік тоғысқан мекен. Мұнда тек мықтылар емес, ең төзімді атлеттер жеңіске жетеді. Бұл жолы қазақстандық жанкүйерлердің назары өз отандастарымыздың өнеріне ауары сөзсіз. Биыл ел намысын Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Амир Омарханов, Григорий Ломакин және Заңғар Нұрланұлы қорғайды. Біздің ойыншылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген азулы қарсыластарға қарсы тұрып, өз шеберліктерін көрсетуге дайын.
Айта кетейік, турнир 19-23 сәуір аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің белсенді қолдауымен өтеді. Қала мен федерацияның бірлескен күш-жігері осындай ауқымды жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.