Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Қазақстанды алға шығарды

11.04.2026    Оқылғаны: 181
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Канадаға қарсы кездесуде басымдыққа ие болды. Жұптық сында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева канадалық Бьянка Андрееску мен Кайла Кросс дуэтін екі сетте жеңді. Есеп: 7:5, 6:1.
 
Ойын алдында Канада құрамасының капитаны құрамға өзгеріс енгізді: бастапқыда мәлімделген Ариана Арсено мен Александра Ваграмовтың орнына кортқа Бьянка Андрееску мен Кайла Кросс шықты. Дегенмен, бұл тактикалық қадам қазақстандық жұптың қарқынын тежей алмады.
 
Алғашқы партия тартысты өтті. Канадалықтар өзара үйлесімнің жоқтығына қарамастан, лайықты қарсылық көрсетті. Есеп 5:5 болған сәтте Данилина мен Құламбаева барынша жинақталып, шешуші серпіліс жасады және сетті өз пайдасына шешті – 7:5.


 
Екінші кезеңде айтарлықтай интрига бола қойған жоқ. Өздеріне сенімді болған біздің теннисшілер кортта толық үстемдік құрды. Анна Данилинаның тәжірибесі мен Жібек Құламбаеваның белсенді ойыны қарсыластарға еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл партия 6:1 есебімен сенімді жеңіспен аяқталды.
 
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы жалпы есепте алға шықты. Регламент бойынша, Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіндегі кездесулер бір команданың үш жеңісіне дейін жалғасады.
 
Келесі бәсекеде кортқа құрама көшбасшылары – Юлия Путинцева мен Бьянка Андрееску шығады. Бұл матч әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама беретін шешуші ойын болуы мүмкін.

Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала! 
Forte. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер